Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен атқарылған жұмыстары
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен атқарылған жұмыстары
- Кадрлық құрам
- Мемлекеттік аттестаттау бойынша:
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2 бөлімнен және 9 мемлекеттік қызметшінің штат санынан тұрады. Функционалдық бағыты: Білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімі меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарының желісі Бүгінгі күні Жамбыл облысында 446 мемлекеттік, оның ішінде бастауыш – 46, негізгі орта – 33, жалпы орта – 367 мектеп жұмыс жасайды. Оқыту тілі қазақ – 316, орыс – 4, аралас – 126. Сонымен қатар, 49 жекеменшік білім беру ұйымдарында 12546 оқушы білім алуда. Департаментпен жүргізілген бақылау шаралары:
2023 жылы 192 білім беру ұйымдары, оның ішінде 60 балабақша, 100 мектеп және 32 колледж мемлекеттік аттестаттау тізіміне енгізілді. Қаңтар-қараша айларында 32 колледжге, 92 мектепке, 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде 5 колледж алғашқы аттестаттаудан өтсе, 27 колледжге қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Профилактикалық бақылау: Департаментпен бекітілген кесте бойынша бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып, 2 профилактикалық бақылау жоспарланған. Бүгінде Байзақ ауданының білім бөлімінің орта мектебіне профилактикалық бақылау жүргізіліп, тексеру нәтижесі бойынша нұсқама берілді. Лицензиялау бойынша: 2023 жылдың қазіргі кезеңіне дейін «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы 202-өтініш түсті. 4 мемлекеттік 13 жекеменшік мектепке бас лицензия берілді, 35 мектеп және 15 колледждің лицензиясы қайта рәсімделді, 19 мектепке лицензияға қосымша берілді. 116 білім беру ұйымдарына лицензиялау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты дәлелді бас тартылды. Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою қызметі бойынша 362 құжат орындалып, мемлекеттік корпорацияға жолданды, 22 құжат түпнұсқасының болмауы, құжаттың расталмауы және қызмет көрсету салығының төленбеуі себебінен кері қайтарылды. Мониторинг бойынша: Педагогтерді жұмысқа қабылдау және басшыларды тағайындау қағидаларын сақтау мәселелері бойынша мониторинг жүргізіліп, бірқатар мәселелер анықталды: 12 педагог жұмысқа конкурссыз қабылданған, 14 педагогты қабылдау кезінде конкурс ережелері сақталмаған. ҚР Ббілім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптары бұзылған. Педагогикалық әдеп мәселесі бойынша: Педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмыс жоспарына сәйкес 7 отырыс өткізіліп, 12 мәселе қаралды. 2 аудандық және қалалық білім бөлімі басшыларының есептері тыңдалды. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (МОДО) Департамент және облыстық білім басқармасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған талдамалық есебі мен оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингіне қатысатын орта білім беру ұйымдарының қорытынды талдауының негізінде облыстың білім беру ұйымдарының басшылары мен оқытушыларына іс-шаралар жоспары жасалды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Барлығы 18 семинар өткізілді. Оның 6-ы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін, 9-ы жалпы орта білім беру ұйымдары үшін, 3-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін.