Жалақы төмен, баспана үшін төленбейді – құтқарушылар жұмыстан кетіп жатыр
Жалақы төмен, баспана үшін төленбейді – құтқарушылар жұмыстан кетіп жатыр
Шәріпхановтың сөзінше, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы денсаулық пен өмірге қауіпті, психологиялық, физикалық тұрғыдан ауыр. Оның үстіне министрліктің күш-құралдары әрдайым, тұрақты сұранысқа ие әрі тәулік бойы жауынгерлік әзірлікте болады.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының келісімі бойынша 2023-2024 жылдарға азаматтық қорғау органдарының лимиті республикалық бюджеттен 28,3 млрд теңге бөлініп, 1 734 бірлікке ұлғайтылған. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 2025-2026 жылдары штат санын 1 493 бірлікке кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Алдағы уақытта азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды жақсарту тапсырмасын орындау мақсатында министр:
- мамандарды қызмет бабында ауыстыру және ілгерілету кезінде көтерме жәрдемақы, жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайлардағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуді;
- бюджет қаражаты есебінен қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен қызметкерлерге шипажайлық-курорттық емдеуді;
- арнайы атақтар берілмеген құтқарушыларға еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеуді;
- арнаулы атақтары бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру ұсынады.