Жаңалықтар

Тараздық тұрғыннан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Тараздық тұрғыннан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында Жамбыл облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 25 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде оның күртесінен 92 дана көк түсті оралған затт табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 47,86 грамды құрайтын Альфа PVP синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Сонымен қатар айғақтарды тексеру кезінде күдікті бұрын есірткі орамдарын жасырған орындарын көрсетті. Нәтижесінде Тараз қаласының Төле би көшесінің бойында және үш шағын ауданда жалпы салмағы 3,44 грамм Альфа PVP синтетикалық есірткі затының 7 орамы табылды.Барлық тәркіленген есірткінiң салмағы 51 грамм 3 миллиграмды құрайды. Қара нарықтағы бағасы 1 грамы – 10-20 мың теңге. – Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚКБ бастығы Әлім Бажықбаев.