Жаңалықтар

Республикалық 3 қала мен 12 облыс жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады

Республикалық 3 қала мен 12 облыс жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады

Құжатта https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14834775 Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу Қазақстан Республикасының уақыт пен жиілік мемлекеттік алғашқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізілетіндігі, еліміздің бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылатындығы айтылған. «Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырсын», - делінген қаулы жобасында. Айта кетейік, Қазақстан Республикасында екі уақыт белдеуі (UTC+5, UTC+6) қолданылады. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары – 4-ші сағаттық белдеуінде (UTC+4+1). Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы) 5-ші сағаттық белдеуіне (UTC+5+1) жатады. Бұл ретте, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы азаматтарының едәуір бөлігі (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары) өзінің географиялық уақытынан озып – UTC+6 әкімшілік уақыт белдеуі бойынша өмір сүреді. Аумақтық көрсетілген аймақтар UTC + 5 уақыт белдеуінде орналасқан. Адамның денсаулығы, экономикасы және қауіпсіздігі үшін күн (табиғи) уақытына мүмкіндігінше жақын тұрақты уақыт белдеулерін пайдалану қажет. Осыған байланысты, жекелеген азаматтар, қоғам белсенділері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасында, оның ішінде Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары үшін уақытты есептеу мәселелерін көтеріп отырды. Озық уақытты қолдану бірқатар аурудың өршуіне ықпал етеді және факторлардың бірі болып табылады. Ең алдымен, шаршаудың жинақталуында, ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінде, ұйқының бұзылуында, ас қорытудың бұзылуында және т.б. көрсетілген десинхронозды атап өткен жөн.