Коммуналдық саланың жұмысы пысықталды
Облыс орталығы – Тараз қаласына алғашқы қар жауып, ауа-райы суыта түсті. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері қатты аяз күтілуде.
Осыған орай бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев коммуналдық саланың басшылары және қызметкерлерімен шұғыл жиын өткізіп, нақты міндеттер жүктеді.
Жиында ағымдағы жылыту маусымының өту барысы, жылыту кешендері мен құбырлардың жұмысы, тиісті отындардың жеткілікті болуына қатысты мәселелерді талқылады.
Жауаптыларға тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, инертті материалдардың қажетті қорын дайындау, Батыс Еуропа — Батыс Қытай автобанының бойында жылыту пункттерін ұйымдастыру, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды үздіксіз барынша жылумен қамту, коммуналдық нысандардың күшейтілген жұмыс режиміне көшуі бойынша нақты тапсырмалар берді.
Бұл тұрғыдағы барлық мәселелерді өзінің жеке бақылауында болатынын жеткізді.