Жаңалықтар

Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойды

Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойды

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті 11 желтоқсан күні сағат 12.36-да Қостанай қаласы Энергетиктер көшесі 1 мекенжайындағы Амангелді тұрғын алабында газ-ауа қоспасы жарылғанын хабарлады. Салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, 7-ге жуық адам үйінді астында қалып қойған. Қазіргі уақытта төтенше жағдай орнында Қостанай облысы әкімінің жетекшілігімен жедел штаб жұмыс істеп жатыр.