Брифинг

Өңірдегі діни ахуалдың жай-күйі және дін саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстар

Өңірдегі діни ахуалдың жай-күйі және дін саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстар

Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Мыңбаев Сәкен Сәрсенбайұлының қатысуымен Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. 2023 жылдың 12 желтоқсан күні облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметiнiң баспасөз-залында дiн iстерi басқармасының «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасымен 2023 жылы облыс аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында брифинг өттi.   С.Мыңбаев баяндамасында аймақтағы дiни ахуалдың қысқаша сипаттамасын ұсынып, өңірдегі тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсiндiру қызметi туралы және т.б. мәселелер бойынша пікір білдірді. Сондай-ақ, Сәкен Сәрсенбайұлы өз сөзiнде жыл басынан берi өткiзiлген едəуiр маңызды оқиғаларды және дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алуда қолданылатын инновациялық әдiстер туралы айтып, жастар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзудің маңыздылығын айтты.