Жаңалықтар

Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу

Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған. Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу. Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 55 түрін көрсететін 38 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады. Олардың ішінен:

  • сумен жабдықтау кызметтері бойынша – 20 ТМС;
  • сарқынды суларды бұру қызметі бойынша – 9 ТМС
  • табиғи газды тасымалдау қызметтері бойынша – 1 ТМС;
  • суды арналар арқылы беру қызметтері бойынша– 2 ТМС;
  • жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша – 16 ТМС;
  • кірме темір жолдары қызметтері бойынша – 6 ТМС;

- электр энергиясын беру және бөлу бойынша қызметтері – 1 ТМС. 2023 жылдың басынан бері Департаментке 25 табиғи монополиялар субъектілерінен 67 тарифті бекітуге 67 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі тұралы 5 хабарлама келіп түсті. Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 29 өтінім бойынша 29 тариф бекітілді, 17 өтінім және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 3 хабарламасы бойынша қараудан бас тартылды, 10 өтінім қаралуда, 8 өтінім субъектімен өз еркімен кері қайтарылды. Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 4 субъектінің инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді. Департамент субъектілердің 2022 жылға арналған тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы бойынша талдау жүргізеді, осылайша 2021 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерінің  талдау нәтижелері бойынша «Жамбыл-Су» КМК-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне – 28 137,55 мың теңгеге және «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне – 5 268,52 мың теңгеге, «Аксу-Кордай» КМК-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне – 132,680 мың теңгеге, «Таразтрансэнерго» МКК-нің жылу энергиясын беру және бөлу қызметіне     – 58 405,23 мың теңгеге және  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ - нің тауарлық газды газ таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметіне – 107 180,59 мың теңгеге уақытша өтемдік тариф бекітілді. Жоғарыда айтылғандай, Департамент қызметінің басты бағытының бірі ол табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта 2023 жылы 11 айында Департамент тарапынан ауқымды жұмыс жасалды деп айтуға болады. Осы кезеңде 5 тұлғаға 6 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Атап айтқанда: - бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда нарығында шекті бағалардан асырғаны үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын 1 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сотта қаралған және 345 000 теңге көлемінде айыппұл салынды; - техникалық шарттарды беру мерзімін бұзғаны үшін 1 субъектіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотта қаралып, 5 520 000 теңге айыппұл салынды; - инвестициялық бағдарламаны тиісті түрде орындамағаны үшін 2 субъектіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, қысқартылған іс жүргізу түрінде жалпы сомасы 3 312 000 теңге айыппұл салынды; - бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін заңсыз көрсету дерегі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 1 тұлғаға қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды және 422 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл істер қазіргі уақытта сот қарауында. Сонымен қоса, Департаментпен 2023 жылғы 11 айда табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 1 нұсқама енгізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы        5 маусымдағы №47 бұйрығымен бекітілген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес, Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. 2023 жылдың 11 айында Департаментпен 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды: «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» - 1; «Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру» - 1;  «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» - 1; «Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару» - 13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғаны – 1. Департамент жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қоса, әрі қарай табиғи монополия субъектілерінің және тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып, тарифтік саясатты жүзеге асырады.