Жаңалықтар

Жамбылда бірнеше ауданда оқушылар онлайн форматта оқиды

Жамбылда бірнеше ауданда оқушылар онлайн форматта оқиды

Облыста қолайсыз ауа-райы метеожағдайларына сақталуына байланысты, а.ж. 15 желтоқсанында өңірлердің географиялық, климаттық жағдайларына сәйкес Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу аудандары 0-11 сынып оқушыларын қашықтықтан оқуға жіберді. Ал, Жуалы ауданы 2 мектеп, Қордай ауданы 20 мектебін қашықтықтан оқуға жіберу туралы шешім қабылдады. Сарысу ауданы бойынша дәстүрлі форматта оқыту жоспарлануда. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты нақты шешім жергілікті жерде 15.12.2023 жылы сағат 06:30 дейін қабылданады. Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Меркі, Талас аудандары дәстүрлі форматта оқытылады.