Жамбыл облысында төтенше жағдайға байланысты 5 пойыз уақытша тоқтатылады
Жамбыл облысында төтенше жағдайға байланысты 5 пойыз уақытша тоқтатылады
Жамбыл облысындағы ауа-райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкелді, осыған байланысты келесі құрамдардың жүруі уақытша тоқтатылады. - №10 Нұр-Сұлтан1 – Алматы2 Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге; - №9 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан1 Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге; - №29/30 Атырау – Алматы1 Атырау станциясынан а. ж. 16 желтоқсанда Алматыдан қайту а. ж. 18 желтоқсанында 1 рейске; - №3 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында кері Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске; – №505/506 Алматы 2 – Жезқазған Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а.ж. 15 желтоқсанында Жезқазғаннан кері қарай а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске. Пойыз жолаушыларына сатып алынған темір жол билеті үшін ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар «1433» тегін нөміріне және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм ботына жүгіне алады. Естеріңізге сала кетейік, қатты жел мен аяз салдарынан Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандары аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.