Спорт
Қазақстан 2023 жылғы Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады
- author Zhambylokq
- 24 қаңтар, 2023
- 52
Қазақстан 2023 жылғы Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады
Қазақстандықтар жеңіп алған осы 11 жүлденің үшеуі алтын, төртеуі күміс және төртеуі қола.
Биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Турлубеков, сонымен қатар трамплиннан секіруден Данил Васильев қазақстандық студенттердің қоржынына жоғары дәрежелі жүлделерді салды.
Күміс медальдарды Александр Мухин (биатлон), Данил Васильев пен Сергей Ткаченко (трамплиннен секіруден), Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов (шорт-трек – аралас эстафета), Санжар Жәнісов, Антон Хван, Әлішер Абулкамитов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов және Валерий Клименко (шорт-трек – ерлер эстафетасы) алды.
Александр Мухин (биатлон), Ксения Шалыгина (шаңғы жарысы), Айша Рақышева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина (әйелдер арасында шаңғы жарысы) және шайбалы хоккейден ерлер құрамасы жеңіс тұғырынан үшінші орын алды.
Ойындарда 48 медалі (21, 17, 10) бар жапондықтар көш бастады.