Жаңалықтар

«Жамбыл облысын басқарғанда шаруаларды судан тарықтырып алдыңыз»: Су министрі мәжілісте сын естіді

«Жамбыл облысын басқарғанда шаруаларды судан тарықтырып алдыңыз»: Су министрі мәжілісте сын естіді

Балабиевтің айтуынша, Жамбыл облысы ағын суды трансшекаралық өзендерден алады. Оның 82 пайызы Қырғыз Республикасынан келеді. Осы жылдың шілде-тамыз айларында Қырғызстаннан берілетін 3,5 млн текше метр судың таусылуына байланысты берілген су тоқтатылғаны белгілі.  Осыған байланысты шілде-тамыз айларында Жамбыл облысының алты ауданында ағын су тапшылығы орын алып, 9 мың гектар алқаптағы егіс зардап шеккен. Шығын көлемі 3,6 млрд теңге. Жамбыл мен Түркістан облысында суармалы жерлер 300-500 мың гектарға жерге дейін жетеді.

Бұл сұраққа жауап берген министр Нұржігітов расында да, биыл Жамбыл облысында су тапшылығына байланысты шаруа қожалықтар зардап шеккенін айтады. Бұл жалпы «жылдың Жамбыл облысындағы Талас пен Шу өзені бойынша сулығына байланысты болды» дейді. Себебі Қырғызстанда су мөлшері сондай деңгейде болды деп түсіндіреді.

Министрдің сөзінше, Орталық Азиядағы бес мемлекет 1992 жылы тура сондай келісім жасаған. Сол келісімде бұрынғы Кеңес одағындағы су қалай бөлінеді – тура сондай көлем расталған.

Еске сала кетейік, Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі қызметіне биыл қыркүйекте тағайындалған болатын.