Қытайдағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 131-ге жетті
Қытайдағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 131-ге жетті
Тағы 700-ден астам адам жарақат алды. 19 желтоқсанға қараған түні болған жер сілкінісі Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясы мен көршілес Цинхай провинциясында 131 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Синьхуа. Бүгінгі таңда Ганьсуда 113 адам, Цинхайда 18 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жараланған. Жер сілкінісінен Ганьсу провинциясында 155 393 үй зардап шекті. Қытай билігі жер сілкіністеріне жалпыұлттық төтенше жағдайды екінші деңгейге дейін көтерді. Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайларды басқару министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға 736-дан астам құтқарушы, сондай-ақ 2042 өрт сөндіруші жіберілген. 19 желтоқсан күні сағат 19.00-дегі жағдай бойынша 74 адам құтқарылып, тағы 4 298 адам эвакуацияланды. Апат болған аймақтарға қосымша шұғыл қажетті заттар жеткізілуде.