«Аграрлық несие корпорациясы» филиалы директорының бұрынғы орынбасары 90 млн теңгені жымқырған
«Аграрлық несие корпорациясы» филиалы директорының бұрынғы орынбасары 90 млн теңгені жымқырған
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.
Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.