Жаңалықтар

«Алматы 2-Атырау» жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады - ҚТЖ

«Алматы 2-Атырау» жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады - ҚТЖ

«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, Шымкент-Тараз және Шу-Отар теміржол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты пойыздар қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді. Осыған байланысты 30-дан астам жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен артта қалды. Теміржолшылар тәулік бойы көліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде. «Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кестені түзету үшін Астана-Алматы-Астана, Атырау-Алматы, Ақтөбе-Алматы, Алматы-Жезқазған бағыттары бойынша алты жолаушылар пойызының жүруі тоқтатылды.

Ұлттық тасымалдаушы компания 10,8 мың жолаушыға тамақ ұйымдастырды (оның 5,7 мыңы — вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда, 5,1 мыңнан астамы — Шу, Шымкент және Отар станцияларында). Сондай-ақ, осы кезеңде теміржолшылар 11 мың текше метр қар шығарды.