Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ұлттық қордан ақша аударылады: eGov-тан балаңызды таппасаңыз не істеу керек?

Ұлттық қордан ақша аударылады: eGov-тан балаңызды таппасаңыз не істеу керек?
ашық дереккөзі
Ұлттық қордан ақша аударылады: eGov-тан балаңызды таппасаңыз не істеу керек?
"Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 қаңтардан бастап, "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында балаларға төлем төлеу күшіне енеді. Осыған байланысты көптеген отандасымыздың eGov платформасынан балаларының цифрлық құжаттарын тексеруі кезінде кейбір деректердің жаппай жоқ екендігі анықталды. Бұл қандай да бір қателіктен, не болмаса кемшіліктен, техникалық ақаудан емес. 2008 жылдан бастап туған балалардың құжаттары ғана цифрлық форматқа өткен болатын", – деді Талғат Уәли агенттік тілшісінің сауалына орай.
Осы ретте министрлік өкілі балаларды eGov платформасына тіркеу жолдарын атады.
"Егер балаңыздың деректері eGov-та жоқ болса, онда платформада «баланы қосу» деген батырма бар. Соны басып, баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тіркелей аласыз. Егер сол тіркеу кезінде ақпараттар шықпай жатса, онда "түзету" батырмасына өтіп, өз құжатыңызды, балаларыңыздың туу туралы куәлігін енгізесіз", – деді ол.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар