«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы
«Азаматтарға арналған үкіме» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдер болып табылады. Негізгі міндеттері - ҚР заңнамасына, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартарына сәйкес, "бір терезе" қағидаты бойынша тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету. Қоғамның Жамбыл облысы бойынша филиалы бэк-офис және фронт-офис болып екіге бөлінеді. Бэк-офис – тұтынушылармен қарым-қатынас жасамайтын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жауапты құрылымдық басқарма және бөлімдері. Бэк-офис бойынша – 34 бөлім бар. Ал Фронт-офис – бұл тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуге жауапты бөлімдер (ХҚК). Фронт-офис бойынша – 18 бөлім бар. Филиалда барлығы 1 062 қызметкер жұмыс атқарады. Халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша ХҚК бөлім саны 18, оның ішінде:
- 4 қалалық ХҚКБ
- 10 аудандық ХҚКБ
- 1 Бірыңғай байланыс орталығы (ЕКЦ)
- 1 Көші – қон қызмет орталығы (ЦМУ)
- 2 Мамандандырылған бөлім:
- Тараз қаласы, Төле би 198а даңғылында орналасқан №1 Мамандандырылған бөлімінде теориялық және практикалық емтихан тапсыру арқылы жүргізуші куәілігін беру және шетел көліктерін заңдастыру қызмет түрлерін көрсетеді;
- Тараз қаласы, Маяковский 42а көшесінде орналасқан №2 Мамандандырылған бөлімінде автокөлікті қайта тіркеу, тіркеу куәлігінің телнұсқасын алу, көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін сатып алу немесе ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
– Республика бойынша 7 өңірде байланыс орталықтары ашылған; оның біреуі Тараз қаласында жұмыс атқаруда. Электронды цифрлық қолтаңба беру, жерлеуге арналған бір реттік төлем тағайындау, соттылығы болу не болмау туралы анықтама, көлік жүргізу куәлігін беру бойынша.
- Мекен жайы: Тараз қаласы, Төле би 87Г даңғылы бойында орналасқан.
- Көші – қон қызмет орталығы (ЦМУ) - мұнда шетел азаматтары көші-қон полициясы арқылы визалық қолдау, азаматтықты рәсімдеу және сонымен қатар, жұмысқа рұқсат алу және ЖСН алу қызмет түрлері жүзеге асырылады. Мекен жайы: Тараз қаласы, Ы.Сүлейманова 300 көшесінде орналасқан.
Статистикалық көрсеткіш 2023 жылдың 11 айында фронт-офистер арқылы 898 061 қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың 11 айында көрсетілген қызмет саны 682 845 яғни 211 249 құжатқа асып отыр пайыздық көрсеткіші 31%. Өз–өзіне қызмет көрсету секторы бойынша 2023 жылы 1 055 938 қызмет көрсетілген, 2022 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бойынша 1 087 128 қызмет көрсетілген яғни былтырғымен салыстырғанда қызмет саны 31 190 құжатқа 3% кеміп отыр. Мемлекеттік қызметтердің Тізіліміне сәйкес қазіргі таңда 1353 қызмет түрі бар, оның 1267 мемлекеттік Корпорация арқылы. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 2023 жылы 1 219 766 қоңырау қабылданған ал 2022 жылы 950 096 қоңырау қабылданып 269 670 өсіп немесе 28% -өсті. Мамандандырылған бөлімдер бойынша 2023 жылы көрсетілген қызмет саны 190 349 құжат қабылданған. ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 13 қаулысына сәйкес 2023 жылдың қаңтар айының 23-нен бастап ҚР-на 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктер заңдастырылуы бойынша құжаттар қабылдана басталды. Қабылданған барлық өтінім саны 16 571, оның 13 692 орындалды. Жалпы бас тартылған 2 967 өтінімдер негізгі себептері басым бөлігі шетел автокөліктерін заңдастыру бойынша техникалық құрал шет мемлекетте тіркеуде, іздеуде, көлік құралы 2022 жылдың 01 қыркүйек айынан кейін ҚР кірген. Ағымдағы жылы 5928 жүргізуші куәлігі берілді. Мемлекеттік корпорация мамандарын үйге шақыру қызмет түрі Корпорациямен мемлекеттік қызметтерді үйде алуға болатындығында айта кеткен жөн. Мемлекеттік корпорация қызметкерін үйге шақыру үшін азамат немесе оның қамқоршысы 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қызметке сұраныс қалдыруы қажет. Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары өтініш берушімен хабарласып, құжаттардың толықтығын нақтылайды және мемлекеттік қызметті үйде көрсету күні мен уақытын белгілейді. Өтінішті қабылдағаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға бару қажет. Егер бұрын ХҚКБ қызметкерін үйіне ерекше қажеттіліктері бар, I немесе II топтағы мүгедектер мен ҰОС ардагерлері ғана шақырса, енді 65 жастан асқан азаматтар да шақыра алады. Атап айтқанда, 65 жастан асқан тұлғалардың жүріп-тұруына шектеу қойылған жағдайда ғана қызмет көрсетіледі. «Mykhat» сервисі арқылы дайын құжаттарды жеткізу. Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталығынан дайын құжаттарды үйіне дейін ақылы түрде тапсырыс беруге болады, олар курьер арқылы жеткізіледі. Құжаттар дайын болған кезде тұтынушы смартфонына 1414 нөмірінен экспресс.gov4c.kz порталында дайын құжаттарды жеткізуді ұйымдастыру туралы ұсыныспен SMS алады. Әрі қарай, тұтынушы өзі туралы толық ақпаратты толтырып, жеткізу мекенжайы мен телефон нөмірін көрсетіп, жеткізу ақысын төлеу керек. Дереу курьер тағайындалады, ал нақты жеткізу уақыты тапсырыс беру кезінде белгілі бір аймақтағы курьерлік қызметке сұранысқа, межелі жерге дейінгі қашықтыққа және қозғалыс жағдайларына байланысты анықталады. Орташа алғанда құжатты жеткізу бір сағат болады. Бұл қызмет түрі Халыққа қызмет көрсету бөлімінен құжаттарды жеткізу азаматтарды орталыққа екінші рет келуден босатып, уақытын үнемдейді. Бұл жұмыс істейтін адамдарға, кішкентай балалары бар азаматтарға және т.б. жағдайларда ыңғайлы. Жер кадастры бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 152 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады, оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Соның ішінде: жер кадастрлық жұмыстар монополиялық және монополиялық емес жұмыстарға бөлінеді. Атап айтар болсақ: Монополиялық жұмыс түрлері: 1. Мемлекеттік актіні дайындау.2. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау.3. Жер учаскесінің координаталарын келісу.4. Жер-кадастрлық карталарды басып шығару.5. Жер есебі жүргізу.6. Жер-кадастрлық мәліметтерді беру. Монополиялық емес жұмыс түрлері: 1. Жерге орналастыру жобасын әзірлеу.2. Жер учаскесінің шекарасын белгілеу.3. Жер учаскелерін түгендеу. 2023 жылдың 11 айдың қортындысына сәйкес:1. Мемлекеттік актілер – 18 816.2. Кадастрлық (бағалау) құнының актілері – 2 635 .3. Жер-кадастрлық ақпаратпен қамтамасыз ету – 2 449 .4. Жер учаскесінің координаталарын келісу – 6 474 .5. Жерге орналастыру жобалары – 8 011 қызметтер көрсетілді. Жоғарыдағы мәліметті баяндай келе, филиал басшысы ретінде, жер кадастры саласындағы мұрағатты жинақтап, өңірдегі жауапты өкілі Мемлекеттік корпорация жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз ететіндігін атап өткім келеді. Қазіргі таңда, кез келген өтінімді өзіңізге жақын орналасқан Халыққа көрсету бөлімі арқылы тапсыра аласыз немесе «Е гов» электронды үкімет порталы арқылы ұйымдастырылған қызметтерді, үйде отырып тапсырыс берсеңіз болады. БМЖМК (бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры - ЕГКН) - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және есепке алу, базалық және өңірлік деңгейлердегі жер кадастры саласындағы мәліметтерді автоматтандырылған түрде жинауға (енгізуге), өңдеуге, өзектендіруге, сақтауға және талдауға, жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтардың (меншіктің, пайдаланудың, басқарудың) бірыңғай автоматтандырылған есебін жүргізуге, сондай-ақ осы ақпаратты ҚР мемлекеттік органдарына және басқа да мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беруге арналған. Ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап (сәйкестендіру құжатын дайындау, кадастрлық паспорт дайындау, жер кадастрлық жоспарын дайындау, жобаланатын жер учаскесінің БМЖМК графикалық деректерімен келісу) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтінімдер БМЖМК-да орындалады. Ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап " Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" бойынша мемлекттік қызмет түрлері Тараз, Шу. Жаңатас, Қаратау қалалары бойынша egov.kz порталы арқылы ЖКК (жариялылық кадастр картасы) арқылы сұратылған жер учаскесінің шекарасын сызу жолымен көрсетілуде. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және түгендеу бағыттары Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 1 бабы 27 тармағына сәйкес, тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып табылады. Тіркеу бағытында, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (ауыртпалық) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы жылжымайтын мүлік нысандарының орналасқан жерлері бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жедел тіркеу: Жеделдетілген тәртіппен (нотариус арқылы, ЕНИС) электрондық тіркеу өтініш түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүргізіледі. Жедел тіркеу құны пәтер үшін 4 810 тг, ал тұрғын үй жер телімімен 9 620 тг. Сонымен қатар, жеделдетілген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы орындалатын құжаттың құны пәтер үшін 3 607 теңге, ал тұрғын үй жер учаскесімен қоса алғанда 7 215 теңгені құрайды. Орындалу уақыты бір тәулік. 2023 жылдың 11 айында жеделдетілген тәртіппен 12 190 өтініш тіркеуден өтті. Оның 7 603 фронт офис арқылы, ал 4 587 өтініш электронды түрде тіркеуден өтті. Ал, қарапайым тіркеу құны (орындау мерзімі 3 тәулік): пәтер үшін – 1202 тенге, тұрғын үй жер телімімен – 2405 тенге. Нотариат куәландырмаған шарттар бойынша: Қазіргі уақытта, азаматтардың Мемлекеттік корпорацияда екі тараптардың қатысуымен сату сатып алу шарттарын жасау мүмкіндігі бар. Корпорациямен жасалған мәміле жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс. Сондай – ақ, мәміленің жасау құны жеке тұлғалар үшін 8 500 тг, ал заңды тұлғалар үшін 12 500 тг., Ал нотариус арқылы жасалған келісім шарттардың құны 40 000 теңгеден астам қаржыны қажет етеді. 2023 жылдың 11 айында 697 нотариаттық емес мәмілелер тіркеуден өтті. «Blockchain» бағдарламасы 2021 жылдан қолданысқа енді. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерден Халық, Фридом және Отбасы Банктерімен Блокчейн бағдарламасы арқылы қызмет көрсетілуде. Бұл технология халық арасында өте тиімділігімен және уақытты үнемді пайдалануы үшін қарастырылған. Бұл технология автоматтандырылған қызмет жүйесімен жүзеге асырылады. «Blockchain» технологиясы арқылы ұсынылған өтініштер тіркеуші органның қатысуынсыз, электронды түрде тіркеледі. Тіркеулі мерзімі бір күнге дейін. 2023 жылдың 11 айында 1728 өтініш «Blockchain» технологиясы негізінде тіркелінді. Жылжымайтын мүлікке техникалық түгендеу Жылжымайтын мүлікке кейінгі техникалық төлқұжат дайынду 2023 жылы 13 685 өтініш түсіп, уақтылы орындалды және оның 6 317-сі электронды үкімет порталы арқылы, 2022 жылы 12 675 мемлекеттік қызмет көрсетілген, немесе биылға 1010 құжатқа немес 8%-ға артқан. 2023 жылы жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжаттың телнұсқасы бойынша 201 құжат дайындалды. 2022 жылы 189 өтінім түсскен яғни былтырғымен салыстырғанда 6,4%-ға өскен. Құқықтық кадастрылық ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу – 5101 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Әлеуметтік бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласындағы негізгі институттарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің халыққа әлеуметтік төлем төлеу саласындағы қызметтерді жүзеге асыру және есепке алу жүйесіндегі негізгі операторлардың бірі болып табылады. Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалы бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушылар есебіндегі барлығы 291 070 алушыларға республикалық бюджеттен 241.9 млрд.теңге, Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру Қорынан 57 903 алушыға 37.4 млрд.теңге төленді.
- Бүгінгі күні, мемлекеттік корпорация есебінде:
- Жасына байланысты зейнетақы - 133 009 алушылар;
- Жәрдемақы төлемдерін 158 061 - алушылар тіркелген.
Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері екінші дәрежелі банктердің және «Қазпошта» АҚ-ы бөлімшелері арқылы ай сайын уақытылы жүзеге асырылып келеді. "Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 108 831 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның:
- Электрондық үкімет порталы арқылы - 6 996 оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 45 826;
- Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі арқылы - 1301;
- Жұмыспен қамту орталығы арқылы – 192;
- Проактивті түрде 54 516 қызмет көрсетілді, төлем алушының қатысуынсыз, тек мобилдік байланыспен растау арқылы жәрдемақы көлемі автоматты түрде қалыптастырыла береді.
«Мемлекеттік корпорация арқылы төленетін зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының жобасына сәйкес, 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан:
- Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге;
- Күнкөріс деңгейі (КД) 43 407 теңге;
- Ең төменгі айлық табыс 85 000 теңге;
- Ең төменгі зейнетақы 57 853 теңге;
- Базалық зейнетақы төлемі 28 215 теңге мөлшерінде белгіленетін болады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшерлері 9 пайызға (мысалы, зейнетақы 2023 жылы 150 мың тенге болса, 2024 жылы ол 13 500-ге көбейіп, 163 500 тенгені құрайтын болады), жәрдемақы төлемдері жоғарыда айтып өткендей, күнкөріс деңгейінің, айлық есептік көрсеткіштің, айлық табысының өзгеруіне байланысты, арттырылатын болады. Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер 7 пайызға арттырылатын болады. Аталған өзгерістер, алушылардың қатысуынсыз мемлекеттік корпорацияда автоматты режимде қосымша құжат талап етілмей жүзеге асады. Азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты Азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ілгерілету, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылы 14 шілде айында №141 – VII Заң жобасын іске асыру шеңберінде азаматтық хал актілерін тіркеу (әрі қарай - АХАТ) функциясын жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік Корпорацияға 2023 жылы 01 шілде айынан толығымен өтті. АХАТ бөлімідері 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: 1.Бала тууды мемлекеттік тіркеу 2.Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу 3.Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу 4.Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу; 5.Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру; 6.Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою; 7.Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер 8.Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; 9.Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету); Оның ішінде атап өтсек, 1 шілде мен қараша айлары аралығында барлық мемлекеттік қызметтер саны 18 789 Бала тууды мемлекеттік тіркеу - 10 552 Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу - 2 329 Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу - 429 Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу – 1 239 Іске асқан жобалар бойынша:
- 2022-2023 жылдар аралығында Тараз, Байзақ , Қордай, Шу аудандық жаңа форматтағы “Цифрлық кеңсесіне” және Тараз қаласынан Көші-қон қызметі бөлімдері ашылды.
жылдың 1 тоқсанында Қордай аудандық әкімдігінің көмегімен Мамандандырылған сектор ашу жоспарлануда. «Автоматтандырылған автодром» құрылыс жүргізілуде.