Улы газдан сақтану шаралары және атқарылған профилактикалық жұмыстар. Қыс кезінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сертификатталған пиротехникалық өнімдерді қолдану тәртібі
Улы газдан сақтану шаралары және атқарылған профилактикалық жұмыстар. Қыс кезінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сертификатталған пиротехникалық өнімдерді қолдану тәртібі
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде "Қауіпсіз Жаңа жыл" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жалғас Абдуалиев және "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының бас маманы Буберхан Шалтаев кездесудің сипекрлері ретінде қатысты. ТЖД қызметкерлері қазіргі уақыттағы жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар мен өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы тілге тиек етті. Мемлекеттік бақылау басқармасы бастығы адам өмірі мен тұрғынүйді өрттен қорғау үшін ақаулы электр құрылғыларын қолдануға болмайтындығын, өрт әдетте біз мүлдем күтпеген тұстан басталатындығын айтты. Жаңа жыл күндері әр үйде жаңа жылдық жылтырақ, жарқырайық ойыншықтар ілінеді, отшашулар және басқалары іске қосылады. Ал мұндайда абайламаса оның соңы өрт оқиғасына алып келіп соғуы ықтимал. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы қыс мезгілінде су айдындарына абай болуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Қысқы мезгілде балық аулаушы әуесқойларғаа балық аулау кезінде қауіпсіздікті, сондай-ақ мұз қатқан су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде өздерімен бірге болуы қажет құралдарды атап өтті. "ҚазТрансГазАймақ" АҚ өкілі жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін атады. Көптеген жазатайым оқиғалардың негізгі себептері түтін мұржаларының тартпауы және мұржаға мерзімді техникалық қызмет көрсету жүргізілмегендігінен, сондай-ақ тұтынушылар газды пайдаланатын құрылғыларды өздігінен қосуға немесе жылжытқан жағдайларда орын алу ықтималдығы жоғары екендігін атап өтті. . Сондай-ақ, қолдан жасалған газ жаарақтары пайдаланылады деп атап өтті өз сөзінде Буберхан Шалтаев. Спикерлер Заң тармақтары бұзылған жағдайда жауапкершілікке тарту мәселесі жөнінде еске салып, қауіпсіздік ережелерін сақтау және балаларды қараусыз қалдырмау қажет екендігін халыққа өтінішпен білдірді.