Таразда балабақша басшысы 13 млн теңге жымқырғаны анықталды
Таразда балабақша басшысы 13 млн теңге жымқырғаны анықталды
Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған, деп хабарлайды Kazinform Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.