Өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
Өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы
Бүгінде Жамбыл облысында 1,2 млн. астам (1 222 192) халық тұрса, оның 354 мыңнан астамы жастар (354 039). Жастар облыс халқының 29,1 пайызын құрайды. Жастардың 147 955-і (41,8%) қалада, 206 084-і (58,2%) ауылдық елді мекенде тұрады. Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 13 (1 облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталығы» қызмет етеді. Онда жалпы саны 416 маман (облыс-19, қала-36, аудан-361), оның ішінде 360 маман жастармен етене жұмыс жасауда. Облыстағы 13 (1 облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталықтарында» жалпы саны 416 маман (облыс-19, қала-36, аудан-361) қызмет атқарады, оның ішінде 360 маман жастармен етене жұмыс жасауда. А.ж. облыста жастар саясатын жүзеге асыруға тиісті мүдделі органдармен бірге 1 млрд 974,5 млн. теңге қаржы қарастырылған. А.ж. қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 790,7 млн. теңгеге, яғни 66,7%-ға артқан. Сонымен қатар а.ж. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған 20 әлеуметтік маңызы бар жоба көзделіп, жергілікті бюджет есебінен 61,6 млн. теңге қаражат бөлінді. А.ж. әлеуметтік маңызы бар жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 жобаға артып, қарастырылған қаржы көлемі 20,2 млн. теңгеге, яғни 48,8%-ға артқан. 2023 жылы түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруға 151,8 млн. теңге қаржы қарастырылған, өткен жылмен салыстырғанда 80,5 млн. теңгеге, яғни 112,9%-ға артқан. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың І тоқсанында 5,1%-ды (12 923 жас) құраса, 2023 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен 3,2%-ды (8 066 жас) құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі а.ж. I тоқсанымен салыстырғанда 1,9%-ға (4 857 жасқа) төмендеген. Сондай-ақ, уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі 2023 жылдың І тоқсанында 8,6%-ды (28 258 жас) құраса, 2023 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен 6,5%-ды (21 237 жас) құрады. Уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі а.ж. I тоқсанымен салыстырғанда 2,1%-ға (7 021 жасқа) төмендеген. А.ж. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде 36 987 әлеуметтік мәртебесі анықталмаған жасқа адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, 18 804 жастың мәртебесі толығымен өзектендірілді. Ал, қалған 18 183 жастың әлеуметтік мәртебесі анықталып, өзектендіру жұмыстары жалғастырылуда. Оның ішінде, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде 35 жастан асқан 5 539 жастың бар екені анықталды. Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №203 қаулысымен «2022-2025 жылдарға арналған жастар арасында отансүйгіштік рухты тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға, жұмыссыздықты жоюға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған облыстық прокуратурамен бірлескен кешенді жоспары» бекітілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Аталған жоспар 11 бағытты көздейді, 100 іс-шарадан тұрады. А.ж. Тараз, Шу қалалары мен аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» ықпалымен 11 бағытта 10 370 іс-шара (қала - 1 080, ауданда - 9 290) өткізіліп, оған 290 769 адам (қала - 47 862 , аудандар - 242 907) қамтылды. «Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»-1 372, «Әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу»-491, «Спортқа баулу»-908, «Мәдени-шығармашылық»-1 303, «Құқықтық кеңес беру»-1 170, «Діни сауаттылықты арттыру»-699, «Психологиялық-танымдық кеңес беру»-1 055, «Жастарға кеңес беру»-1 604, «Экологиялық мәдениетті нығайту»-814, «Этносаралық келісімді нығайту»-370, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»-584. 2022 жылы жалпы саны 8 677 шара (қала - 1 005, ауданда - 7 672) өткізіліп, оған 212 865 адам (қала - 35 975, аудандар - 176 890) қамтылған. Өткізілген шаралардың маңыздылығы мен ауқымына және жастардың қамтылуына баса назар аударылуда. 2023 жылдың 1 желтоқсанына жұмыспен қамту мекемелерінің ықпалымен 35-жасқа дейінгі 28 245 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Атап айтқанда, 12 527 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 916 жас онлайн оқытуға, 2 982 түлек жастар практикасына, 302 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 2 709 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 29 жас «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына, 574 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына сондай-ақ, 4 227 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды, 359 жас қайтарымсыз грант алды, кәсіптік оқытуға 616 адам жолданды. (2022 жылдың 1 желтоқсанына 25 588 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды) 2023 жылдың 1 желтоқсанына облыс көлемінде «Жастар ресурстық орталықтарымен» 128 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері (Тараз қаласында - 11, Байзақ ауданында - 11, Жамбыл ауданында - 13, Жуалы ауданында - 10, Қордай ауданында-14, Меркі ауданында-13, Мойынқұм ауданында - 10, Сарысу ауданында - 12, Талас ауданында - 12, Т.Рысқұлов ауданында - 6, Шу ауданында-16) ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 1 116 жұмыс беруші мекеме қатысып, 6 026 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 15 867 жұмыссыз қатысса, оның 8 069-і жастар. Жәрмеңке қорытындысымен 2 153 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға, 263 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 2 211 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 2 593 жас тұрақты жұмыс орындарына жолданып, 14 246 жас консультациялық кеңестер алған. Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша а.ж. 91 қоғамдық тыңдаулар (2022 жылы 98) өткізілді. Қоғамдық тыңдауларға уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 1 473, пробация тізімінде тұрған 216 жас (2022 жылы NEET санатындағы 900, пробация тізімінде тұрған 129 жас) қатысты. «Jastarga-кеnes» жобасы аясында мемлекеттік қолдау тетіктері мен жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы 209 ақпараттық кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды. Оған жалпы 16 830 жас қатысса, оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 2 853, пробация тізімінде тұрған 360 жас («Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жас отбасы», «Жасыл ел», «Жас кәсіпкер», Серпін және т.б.) мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық кеңес алды. 2022 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағын іске асыруға жергілікті бюджет есебінен 120,0 млн. теңгеге 1 820 жас маусымдық жұмыспен қамтылды (оның ішінде NEET санатындағы 149, пробация тізімінде тұрған 20 жас). Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 144,1 млн. теңгеге 1 981 жас маусымдық жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 269-ы уақытша бос жүрген (NEET) жастар болса, 18-і пробация тізімінде тұрған жастар. (Басқарманың МӘТ аясында 300 жас – 57 NEET; Тараз қаласында 448 жас - 11 NEET; Байзақ ауданында 110 жас - 56 NEET; Жамбыл ауданында 100 жас - 8 NEET; Жуалы ауданында 120 жас - 29 NEET; Қордай ауданында 210 жас - 36 NEET, 4 пробация тізімінде тұрған жас; Меркі ауданында 110 жас - 13 NEET; Мойынқұм ауданында 100 жас - 23 NEET, 4 пробация тізімінде тұрған жас; Сарысу ауданында 100 жас - 16 NEET, 2 пробация тізімінде тұрған жас; Т.Рысқұлов ауданында 100 жас - 5 NEET; Талас ауданында 103 жас - 9 NEET, 3 пробация тізімінде тұрған жас; Шу ауданында - 104 жас, 1 NEET; Шу қаласында 76 жас- 5 NEET). Жоба аясында жастар қала немесе елді мекен аумағындағы парктерді, шағын аудандар ауласын, көшелерді, арық жүйелерін, каналдарды күл-қоқыстардан тазартып, тал далақтарын әктеп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Маусымдық жұмыстар барысында 277 500 м2 аумақ тазаланып, 274,6 тонна күл-қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, 668 қураған ағаштар кесіліп, 10 917 ағаш көшеттері отырғызылған. 2023 жылдың 1 желтоқсанына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 359 маманға 123,8 млн. теңге (орта есеппен 1 маманға 344 мың теңге) көтерме жәрдемақы және 193 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 982,5 млн. теңге (орта есеппен 1 маманға 5 млн. теңге) несие берілді. 2023-2024 оқу жылында «Серпін-2050» жобасына Жамбыл облысынан 104 студент оқуға түскен. Жоба аясында барлығы 381 студент (2020 жылы - 52, 2021 жылы - 128, 2022 жылы - 97, 2023 жылы - 104) білім алуда. «Серпін-2050» жобасына облыстан барлығы 1 268 талапкер (2016 жылы - 262, 2017 жылы - 283, 2018 жылы - 224, 2019 жылы - 118, 2020 жылы - 52, 2021 жылы - 128, 2022 жылы - 97, 2023 жылы - 104) оқуға түсті. Ағымдағы жылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 2 235,0 млн.теңге қаржы бөлініп, 2,5%-бен 483 жас шағын несие алды. Жастарды шағын несиелеу облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, а.ж. жалпы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 540 жас (14-35 жас аралығындағы) 2,5%-бен жалпы сомасы 3 178,8 млн. теңге (2500 АЕК-ке дейінгі сомада) жеңілдетілген несие алған (Байзақ - 72, Жуалы - 69, Жамбыл - 54, Қордай - 36, Меркі - 85, Мойынқұм - 24, Талас - 44, Т.Рысқұлов - 47, Сарысу - 51, Шу - 58). 2022 жылы 12 жас 2,5%-бен жеңілдетілген несие алған. «Ауыл аманаты» жобасы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылуда. 2022 жылдан бастап республика көлемінде біздің өңір 2-ші болып, пилоттық жоба негізінде облыс жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруда. 2022 жылы бағдарламаға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 500 млн. теңге бөлініп, 41 жас баспанамен қамтылды. Олар: Тараз қаласы - 35 (денсаулық сақтау саласы-18, білім беру саласы-10, журналистика саласы-3, спорт саласы-2, мәдениет саласы-3); Қордай ауданы - 1 (білім беру саласы); Байзақ ауданы - 2 (білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы), Шу ауданы - 1 (денсаулық сақтау саласы), Жамбыл ауданы - 1 (денсаулық сақтау саласы), Талас ауданы - 1 (денсаулық сақтау саласы). Жалпы: білім беру саласы - 12, денсаулық сақтау саласы - 21, спорт саласы - 2, мәдениет саласы - 2, журналистика саласы - 3. А.ж. аталған бағдарлама аясында баспанамен қамтылатын жастардың санын арттыру мақсатында жалпы 2 млрд. теңге қаражат бөлінді (1 млрд. теңге жергілікті бюджеттен, 1 млрд. теңге «Отбасы банк» АҚ тарапынан). Жобамен биыл 130-дан астам жасты баспанамен қамту жоспарланған. Бағдарлама аясында өтінімдер облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы тарапынан әзірленген e-jambyl.kz платформасы арқылы қабылданды. Ағымдағы жылы өтінім қабылдаудың төрт кезеңі бойынша 677 өтінім қабылданып, комиссия шешіміне сәйкес 226 қатысушыға «Отбасы Банк» АҚ-на жолдама берілді. Ал, 451 өтінім талаптарға сай келмеуіне байланысты бас тартылды. Берілген 226 жолдама бойынша 55 қатысушы банк іріктеуінен өтпеген, 46 қатысушы банк іріктеуінен өтуде, 125 азамат тұрғын үй алған. Олар: Тараз қаласы - 114 (денсаулық сақтау саласы-62, білім беру саласы-17, журналистика саласы-17, спорт саласы-7, мәдениет саласы-9, дін саласы-2); Т.Рысқұлов ауданы - 2 (денсаулық сақтау саласы-2); Байзақ ауданы - 4 (денсаулық сақтау саласы-2, спорт саласы-1, білім беру-1); Қордай ауданы - 2 (денсаулық сақтау саласы-1, білім-1); Жамбыл ауданы - 1 (денсаулық сақтау саласы-1); Талас ауданы - 1 (мәдениет саласы-1); Шу ауданы - 1 (спорт саласы-1). Жалпы: денсаулық сақтау саласы - 68, білім беру саласы - 19, спорт саласы - 9, мәдениет саласы - 10, журналистика саласы - 17, дін саласы - 2. Биыл бағдарлама талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қарыздың ең жоғары сомасы - 15 млн. тг. дейін, несие беру уақыты - 19 жыл, пайыздық мөлшерлеме - 5%, бастапқы жарна - 5% деп көзделген. Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, журналистика және дін саласының қызметкерлері қатысты. Облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында 14 мыңнан аса (14 301) волонтері бар 13 ұйым айналыcады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» жанынан 11 волонтерлық топтар құрылған. А.ж. волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған 1 704 іс-шара өткізіліп, оған 24 238 жас қамтылды. 2022 жылы жалпы саны 1 361 шара өткізіліп, оған 17 542 адам қамтылған. 2020 жылы облыс волонтерлері республикалық байқауларға қатысып 6 грант, 2021 жылы 7 грант ұтып алды. 2022 жылы басқармаға қарасты облыстық «Жастар ресурстық орталығында» жастардың бастамаларын қолдау бөлімі ашылды. Бөлімнің қолдауымен 2022 жылы 28 жас «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» шағын гранттарының иегерлері атанса, 2023 жылдың 11 айында 15 жас грант жеңімпазы атанған. «Қоғам сақшысы» жобасы аясында ғимараттардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткі құралдарын жарнамалайтын граффити жазуларды жою бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. А.ж. Жамбыл облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің және 200-ден астам (247) волонтерлердің қатысуымен облыс орталығының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларынан есірткі заттарды жарнамалайтын кодтық сөздері мен байланыс нөмірлері бар граффити жазуларды жою бойынша 47 іс-шара өткізіліп, қала бойынша 700-ден астам жазба жойылды. Биыл өңірдегі 14 пен 35 жас аралығындағы үздік жастарды ынталандыру, облыс жастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, әр түрлі салада жетістікке жеткен және қоғамдық өмірде белсенді болған жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысын табыстауды жоспарлап отырмыз. Аталған сыйақы 15 номинация бойынша берілетін болады. А.ж. белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру, жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында 15 номинация («Ғылым», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Жастар ұйымдарын қолдау», «Ауыл жастарының бастамаларын қолдау» бағыттары) бойынша 500 мың теңгеден жалпы сомасы 7,5 млн. теңгені құрайтын «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау жоспарлануда. Биылдан бастап жастар арасында кәсіпкерлік және стартап идеяларды, мемлекеттік қолдау тетіктерін ақпараттық қолдауға бағытталған «Jas-JOBALIKE» жобасы іске қосылды. Жоба аясында жастарға арналған aulieata-jastary.kz ақпараттық медиа-платформа (сайт) және әлеуметтік желіде парақшалар мен «youtube» арнасы ашылды. Жоба аясында облыстың әр өңіріндегі жас кәсіпкерлер мен стартаперлердің кәсібін телевизиялық бағдарлама және «youtube» арнасы арқылы насихаттауға бағытталған «Start Project» жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ, жетістікке жеткен түрлі саланың мамандарымен, жас жеке кәсіпкерлермен сұхбаттар, подкасттар түсіру, ақыл-кеңестерін жастарға жеткізу мақсатында «Jas Motive» жобасы жүзеге асырылуда. Басқарма тарапынан бірқатар үлкен іс-шаралар ұйымдастырылғанын айта кетуге болады. Атап айтқанда, «12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» орай, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта ашық аспан астында облыстық «Жазғы кубок-2023» жайдарман ойыны, 55 іс-шарадан тұратын жастар апталығы, 200-ден аса жастың қатысуымен 15 сәуір - ғашықтар күніне арналған «ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ» атты мерекелік концерт, Дельфи ойындарының аймақтық іріктеу кезеңі, теолог, дінтанушы, жастар арасында танымал болған Нұрлан Байжігітұлы Асановтың 1000-ге жуық облыс жастарымен кездесуі, «ПРОФИ-2023» облыстық кәсіби жастар байқауы, «Жастар ресурстық орталықтары» мамандарының біліктілігін арттыру бойынша оқыту, «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы», «Жыр жауһары» атты облыстық жас ақындар арасында поэтикалық дуэлі, «Open AIR» ашық аспан астындағы дебат ойындары, «JASSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы, «Дебат» ойындары, «Әуенді battle» жас эстрадалық әншілер арасында облыстық байқауы, әр түрлі санаттағы жастардың оқыту лагері, «Бос жұмыс орындар жәрмеңкелері», «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны, «Әскерге бару – азаматтық борышың!» атты өңір жастарын әскер қатарына шығарып салу рәсімі, «Oi sheberi» атты отбасылық зияткерлік ойыны, Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Біз-бақытты отбасымыз» атты облыстық спартакиада, «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» тақырыбында әр түрлі этнос жастары арасында облыстық интеллектуалдық ойыны, әр түрлі этнос жастары арасында «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты облыстық спартакиада, «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық жастар экспедициясы, жас ақындар арасында «Жастар жырлайды» атты республикалық айтыс, белсенді жастарға арналған «Жастар балы-2023» шарасы ұйымдастырылды.