Жаңалықтар

«ЖК-OTAU KZ» қаржы пирамидасын құрғандар 6,5 жылдан сотталды

«ЖК-OTAU KZ» қаржы пирамидасын құрғандар 6,5 жылдан сотталды

2018 жылдан бастап екі ұйымдастырушы салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп, 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен бұл азаматтар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы пирамидаларын құру үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз, заңда мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.