Жаңалықтар
Ұлттық банк жаңа 5000 теңгелік банкнотты айналымға шығарды
- author Zhambylokq
- 26 желтоқсан, 2023
- 164
Ұлттық банк жаңа 5000 теңгелік банкнотты айналымға шығарды
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады.
Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген. Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралы Түсі - қызыл-қызғылт сары. Банкнотаның бет жағында:
- көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралы және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
- жәдігер-бүркіт фигурасы түріндегі безендіру (Қорған Талды II, б.д. д. 7-6 ғғ.; бүркіт шексіз еркіндіктің, күш пен ептіліктің символы ретінде). Банкнотаның сырт жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан фонындағы бүркіт бейнеленген. Негізгі бейненің артында дөңгелек қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:
- «Қалқан» - құндылықтарды қорғау;
- ежелгі символ - әлемнің төрт құбыласы;
- ортасындағы күн белгісі - өмірдің символы.
Келесі мақала