Елімізде автогаздың шекті бағасы бекітілді
Елімізде автогаздың шекті бағасы бекітілді
Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар төмендегідей: Астана - 76 теңге; Алматы - 81 теңге; Шымкент - 64 теңге; Алматы облысы, СҚО - 81 теңге; Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары - 54 теңге; Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары - 76 теңге; Жамбыл облысы - 71 теңге; Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары - 64 теңге; Павлодар облысы - 74 теңге. Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары - 76 теңге. Айта кетейік, әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан артық) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.