Жаңалықтар

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес 2023 жылдың 4 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес 2023 жылдың 4 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Бүгінгі брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелер картасына сәйкес 2023 жылдың 4 тоқсанындағы оң нәтижері баяндалады. Сіздерге өз кезегінде, тұрақты түрде ақпараттық қолдау көрсетіп жүргендеріңізге алғысымды білдіремін. Облыс тұрғындарын толғандыратын сұрақтарды ескере отырып, өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы 7 негізгі бағытты қамтыды. Олар: білім, инфрақұрылым, құрылыс, тұрғын үй, жер бөлу, қаржы мен экономика және бизнес саласы кіреді. ***** Мониторингпен Жамбыл облысының су объектілерінде бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жоқтығы анықталды, бұл жер қойнауын пайдаланушылардың су қорғау белдеулерін жолын кесу түріндегі экологиялық залалға, сондай-ақ өзен арнасының өзгеруіне әкелді. Мониторинг қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әкімдігінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №215 «Жамбыл облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін (Теректі өзені мен Ақкөмбез су қоймасы) белгілеу туралы» қаулы қабылданды. ***** Сонымен қатар, талдаумен Тараз қаласының аумағында дендрологиялық жоспар жоқ екендігі анықталды. Бұл өз кезегінде қаланың экологиялық жағдайына теріс ықпал етті (заңсыз ағаш кесу және жасыл желектер алаңында құрылыс нысандарын салу және т.б.). Сәйкесінше департамент 2023 жылдың басында әкімдікке Тараз қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс енгізді. Нәтижесінде қалалық әкімдік дендрологиялық жоспарды әзірлеуге 45 млн.теңге қаражат бөліп, бүгінгі күні «Ботаника және фитоинтродукция институты» мекемесімен келісім-шарт жасалды. ***** Талдау жүргізу кезінде Шу ауданы әкімдігі тарапынан ҚР Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағының талаптары бұзылғаны анықталды. Яғни, шаруа қожалық мүшелері бұрын шаруа қожалықтарының мүшелері болып табылмайтын өзге тұлғаларға бес жылдық жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өз құқықтарын беріп келген. Бүгінгі таңда Департаменттің ұсынысы бойынша жалпы көлемі 1071 гектарды құрайтын жер учаскелері Шу ауданының мемлекеттік жер қорына қайтарылды. ***** «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру саласына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 16 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін қабылдаудан негізсіз бас тартқаны анықталды. Өтінімдерді қабылдамауға бұрын алынған несиелердің төлем мерзімін кешіктергені себеп болған. Бұл өз кезегінде заңсыз талап. Департаменттің ұсынымынан кейін аталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері қайта қаралып, өтінімдер қабылданды. Сондай-ақ, 10 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты қаражаттың нысаналы мақсатын растауға фискалдық чек ұсынбағаны үшін алынған қарыздың 25% мөлшерінде айыппұл салуға мәжбүрлегені анықталды. Мониторинг ұсынымы бойынша айыппұл салу туралы жіберілген хабарламалар жойылды. Одан басқа, мониторинг барысында 154 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидияламағаны анықталды. Мұның себебі ақпараттық жүйелердегі шарттардың жойылуы. Департаменттің ұсынымынан кейін ауыл шаруашылығы басқармасы шарттарды қалпына келтіру бойынша шараларды жүзеге асырып, (кредиттік серіктестіктер: Дихан, Жуалы, Мерке, Әулие ата, Қордай, Шу және Саудакент) нәтижесінде кредиттік серіктестіктерге 24,2 млн теңге төленді. ***** «Бизнеске жол» жобасы басталғаннан бері департамент пен кәсіпкерлер палатасы 400-ге жуық кәсіпкерің құқықтарын қорғап, 24 кейс оң шешімін тапты. Шешілген кейстердің нәтижелері бойынша 8 лауазымды тұлға (ескертулер – 3, сөгіс – 5) тәртіптік және 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, салық органдарының қызметкерлері тарапынан салықтық тексерулерге жасаған заңсыз нұсқамасы анықталды. Департамент енгізген ұсыныстан соң Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығы аталған нұсқаманы жойды. Бұл бизнес субъектілерін заңсыз салықтық тексерулердің алдын алуға мүмкіндік берді. ***** Сондай-ақ, талдау қорытындысы бойынша 24 бизнес субъектісінің банктік шоттарына заңсыз қойылған шектеулер алынып тасталды. 57 кәсіпкер эмиссиялар үшін операторлар тізімінен шығарылды, нәтижесінде 81 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Осылайша, департамент Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына қатысты 7 әкімшілік хаттама толтырып, жалпы сомасы 1,2 млн теңге (қысқартылған тәртіппен) айыппұл салынды. ***** Жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес жүргізілген мониторинг пен талдау нәтижелерімен енгізілген ұсыныстардың орындалуы бойынша алдарыңызда кезең-кезеңімен баяндайтын боламыз.