Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2023 жылдың 11 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 22 044,2 млрд.теңге, НКИ 99,3% (2022 ж. – 19 532,0 млн. теңге, НКИ 88,8% )  Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі – 103,1млрд.теңге, НКИ 100% (2022 жылы –103 9094,0 млн. теңге, НКИ 104,3%) Инвестиция көлемі 63 114,0 млрд теңге, НКИ 151,9%, (2022 ж – 39 448,9  млн.тенге, НКИ 149%) Құрылыс жұмыстары – 48 187,5 млрд.теңге, НКИ 143,3%, (2022 ж – 30 484,0 млн.тенге НКИ 192,3%) Тұрғын үй көлемі - 30026 ш.м. НКИ 101%, ( 2022 жылы –29729 м2, НКИ 102,5%). Сауда айналымы – 21 179,8 млрд теңге, НКИ 120,3%, (2022 жылы –15 328,5 млн, НКИ 100,5%).   Өнеркәсіп   Өнеркәсіп саласына қатысты 2023 жылы 23 жобаны іске асыру көзделген, 1,2 млрд. теңге, 124 тұрақты жұмыс орындары. - Қызмет көрсету – 18 жоба, 1 151,9 млн. теңге, 115 жұмыс орны (сауда үй,  дүкен–5, монша – 2, ТЖО – 1, автобөлшектер дүкені – 1, дәріхана – 1, стоматология – 1, асхана, мейрамхана – 4, жеке балабақша – 1, көлік жуу орталығы - 2) - Өңдеу өнеркәсібі – 2 жоба, 6,2 млн.теңге, 3 жұмыс орны  (Пескоблок    цехы – 1, сплитерлі блок цехы - 1). - Тамақ өнеркәсібі – 3 жоба, 21,2 млн.теңге, 6 жұмыс орны  (Наубайхана – 2, кондитерлік цех - 1). Қазіргі таңда 19 жоба 117 жұмыс орнымен іске қосылған.   4 жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске асырылуы жоспарланған болатын, алайда, қазіргі таңда қаражаттары «Тараз ӘКК» АҚ тарапынан бөлінбеуіне байланысты 2024 жылы іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы   2023 жылы құны 209,2 млн теңге болатын 25 жоба іске асыру жоспарланып, бүгінгі күнге 14 жоба іске қосылды. Олар: -Ақсу а/о 1 жоба (мал бордақылау орны құны 30,0 млн. тг. 4 жұмыс орны); -Өндіріс а/о 2 жоба (Сүт өндеу цехы «қымыз», құны 5 млн. 1 жұмыс орны. Көшетхана, жоба құны – 4 млн тг. 1 жұмыс орны.); -Қонаев а/о 10 жоба (10 көшетхана, құны 10 млн тг., 10 жұмыс орны); -Шоқпар а/о 1 жоба (мал бордақылау алаңы, құны 15,0 млн. тг.,                              1 жұмыс орны). Нәтижесінде жалпы  ауыл шаруашылығына 64 млн. тг инвестиция тартылып, 17 нақты жұмыс орындары ашылды Қалған 11 жоба жыл соңына дейін толыққанды іске асырылуы жоспарлануда.   Ағымдағы жылы 134,1 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 2876,4  га ұлғайтылды (2022ж -131,258 мың га.). 2023 жылы барлығы 11 307 гектарға су үнемдеу технологиясын енгізілді. Оның ішінде 9 046 гектар тамшылатып суару, 2 161 гектар жаңбырлатып суару, 100 га спринкерлік суару. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1 217 гектарға ұлғайды (2022ж -10 090 га.).   «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша   2019 жылы «Ауыл аманаты» жобасы Жаңақоғам а.о. іске асырылған. Жобаның бес бағыты бойынша 192 өтінім қарастырылып, барлығы 778,2 млн.теңгеге  несиелендірілді. 189 ауыл тұрғыны 610,0 млн. теңге несиеге 4 692 бас мал сатып алды (сиыр – 359 бас, бұқа – 164 бас, жылқы – 547 бас, қой – 3622 бас, мал азығына 770,0мың тг). 2022 жылы Бірлікүстем ауылдық округінде қаржыландыру жұмыстары жүргізілді.  Жобаның бес бағыты бойынша                       131 өтінім қарастырылып, барлығы 677,9 млн.теңгеге  несиелендірілді. Ауыл тұрғындары 242 бас ірі қара , 249 бас жылқы, 3896 бас уақ малын сатып алды. Ағымдағы жылы ауданнан Жаңажол, Қорағаты, Көкқайнар ауылдық округтері «Ауыл Аманаты» жобасына енгізіліп, несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жол а/о бойынша Ауылда 583 ауланың жобаға 147 аула (25,2%)қатысуда (қаражаты 819,327 млн.тг.). Бүгінгі күнге 128 құжат, (87%)мақұлданып (қаражаты 774,678 млн.тг.) 93 азамат (72,6%) несие қаражатын алды (501,785 млн.тг.) Қорағаты а/о бойынша 508 ауланың жобаға 125 аула (24,6%) қатысуда (қаражаты 808,230 млн.тг.). Бүгінгі күнге 117 құжат (94%) мақұлданып (қаражаты 690, 715 млн.тг.) 79 азамат (64%) несие қаражатын алған (қаражаты 394,959 млн.тг.). Көкқайнар а/о бойынша Округте 285 ауланың жобаға 140 ауласы (49,1%) қатысуда (сомасы 625,776 млн.тг.). Бүгінгі күнге 115 құжат (82%) мақұлданып (қаражаты 787,964млн.тг.) 65 азамат (50,2%) несие қаражатын алды (345,700  млн.тг.). Жайылым   Жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 93,8 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды. Мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Елді мекеннің жайылым жерлерін ұлғайту бойынша аудандық босалқы жер қорынан қосымша 98,3 мың гектар жайылымдық жер учаскелері ауылдық округтерге бекітіліп берілді (2022-2023 жылы). 2023 жылы жоспарға сәйкес  пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспар  23 000 гектар. 2023 жыл басынан бастап жалпы мемлекет меншігіне                   23 475,16  гектар жер қайтарылды. оның ішінде: (5 223,43 гектар егістік,  18 103,07 гектар жайылымдық). Жыл басынан бері игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 21 шаруа қожалығының 49 446 гектар жайылымдық жер анықталды, яғни мал басы саны тіркелмеген. (Оның ішінде 5 ірі шаруа қожалықтарының жері 38 906 гектар, қалғаны  16 шағын  шаруа қожалықтарына тиесілі 10 539 гектар).     Жер телімдерін игермеген шаруа қожалықтары бойынша ҚР заңнамаларына сәйкес шара қолдану үшін облыстық жер инспекциясымен бірлесіп жұмыс атқарылуда. Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.   Каналдарды жөндеу   Жалпы ауданда 94 канал бар (3 магистралды,91 шаруашылық канал)
  1. ПУИД-2 жобасы аясында 16 нысанға қайта жаңғырту жүргізілуде (103,9 км), 5 863 га суармалы алқабы бар.
(«Туннель Садд Ариана» компаниясы  2022 ж.  4 ақпаннан  жұмыстар атқаруда.) Оң жағалаудағы магистралды канал бойындағы                         9 каналдың  жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың суғару маусымына дейін аяқтау жоспарлануда. Атап айтқанда:Андреевка, Ақтөбе, Госфонд, Госфонд-1, Қалығұл, Подхоз, Киров, Ленина-2, Огородный. Қазіргі уақытта, Огородный-1, Огородный-2, Ленин-1, Красная весна-1, Красная весна-2 және Поселковый каналдарын қайта жөндеуден өткізуге қаражат тапшылығы бар. Қосымша қаржыландыру мәселесі «Су ресурстар комитетінің» техникалық кеңесінің қарауында. Бүгінгі таңда Ақтөбе және Огородный каналдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша су өткізгіш құрылыстар (сооружение)248 дана, аяқталғаны – 115 дана (46,3%).  
  1. Су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы аясында аудан аумағындағы 35 канал 3 млрд. 177,6 млн.ЖСҚ-ы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. 31 канал (3 млрд 110,3 млн.тг.) Республикалық меншікке өткізілді.
Далақайнар ауылындағы 4 каналға (Р-1, Р-2, Р-3, Р-4) 67,3 млн. теңге қаражат қарастырылып, құрылыс жұмыстары қыркүйек айынан басталды. Сонымен қатар 2-кезеңдегі 45 канал аудан теңгеріміне алынып,ЖСҚ әзірленуде(178,0 млн. тг.). Сараптама қорытындысы қазан айында алынады. Нәтижесінде, 2026 жылдың соңына дейін барлық каналдарды жөндеуден өткізу жоспарда бар.          Тұрғын үй   Өзекті мәселелердің бірі тұрғын үймен қамту. Қазіргі кезде тұрғын үй кезегінде жалпы 1790 адам тіркелген. Биылғы жылы, аталған мәселені шешу мақсатында тұрғын үй сатып алу бюджеттік бағдарламасы аясында 576,0 млн теңге бөлініп, кезекте тұрған  56 азамат баспаналы болды (4 үй тұрғын комиссиясының қаралуында). Одан бөлек,  Төле би ауылында 14 пәтерлі жатақхананың кілті тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға табысталды.   Асарлатып үй салу жобасымен 2020 ж. бастап жалпы 19 тұрғын үй табысталды. Ағымдағы жылы «Асар» жобасы аясында 4 пйдалануға берілді, 5 үйді 2024 жылы кезең-кезеңімен беру жоспарлануда.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 30 маманды үймен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 100%-ға орындалды. 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 663,0 млн теңге және «Шу қаласы "Жетісу" тұрғын аумағында 80 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысына» 400,0 млн теңгеге қолдау тапты. 2020 жыл  5 қабатты 80 пәтерлік, 3 үйдің құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірленген. Қазіргі кезде жобалық сметалық құжаттың мерзімі өтуіне байланысты өргертулер мен толықтырулар енгізіліп бюджеттік өтінім ұсынылды («Жетісу» ықшам ауданынан, 5,5 млрд.). Аталған жоба қолдау тапса  240 азамат тұрғын үймен қамтылатын болады. Нәтижесінде келер жылы тұрғын үй кезегіндегі 140 азамат баспаналы болады деп жоспарлануда.   Жалпы ауданда 142 көппәтерлі үй бар. Осы үйлерге зерделеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама арқылы көппәтерлі 34-үй (2012-2021 жыл аралығында) жөндеуден өткен. Ағымдағы жылдың сәуір айындағы облыстық бюджетті нақтылау барысында 167,0 млн. бөлініп, Шу қаласындағы 9 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді (Абылайхан №14, 27,6  млн.; Абылайхан №7/3, 15,3 млн., Сәтбаев №203, 8,2 млн.т, Абылайхан №9, 19,1 млн., Абылайхан №14, 20,7млн., Сейфуллин №1, 23,2 млн. Сейфуллин №1/А, 19,1 млн. Сейфуллин №2, 23,0 млн.; Сейфуллин №3, 10,9 млн.). 10 КПТҮ-ге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, (құны 285,2 млн. тг.) сараптама қорытындысы алынды. Энергетика басқармасына 2024 жылға бюджеттік өтінім берілді.   Ауыз су    Ауданда 35 елді мекеннің 26-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Аудан көлемінде ауыз сумен қамтылған елді мекендердің қамтылу деңгейі 74,3%-ды құрап отыр. 7 елді мекен (Тасөткел су қоймасы, Бөлтірік,  Жиенбет, Еңбек, Алайғыр, Құлақшын, Көкжиек) ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үлесін арттыру үшін 6 ауылда құрылыс жұмыстары басталып, Көкқайнар, Ақтөбе және Еңбекші ауылдарында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, ертең яғни 27.12.2023ж пайдалануға берілетін болады. Қалған Шу қаласы Қант зауыты м/а., Төле би ауылының сол жақ беткейі және Көктөбе ауылында 2024 жылдың І-жарты жалдығында пайдалануға беру жоспарлануда. Сауытбек ауылындағы құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде орындалмауына байланысты бүгінгі күнге мердігерге қатысты сот органдарына талап арыз жолданып, сот отырысының оң шешімі алынып, 6,7 млн.теңгеге айыппұл өндіру бойынша шешімін шығарды. Ауыз сумен қамтылмаған Еңбек, Жиенбет, Жайсан ауылы, Тасөткел су қоймасы РБ қолдау тапты (құны-2 095,1), Бөлтірік ауылы ОБ қолдау тауып ағымдағы жылға 200 млн қаражат бөлінді (құны - 683,8), қараша айында су шығару имаратының құрылыс жұмыстары басталды. 2025 жылға дейін елді мекендерді ауыз сумен қамту 100% жетеді.   Газ мәселесі   Шу ауданындағы 35 елді мекеннің табиғи газбен қамтылғаны 18 е.м. (65,43%). Анықтама үшін Қамтылған 18 е.м. – Шу қаласы, Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек, Жайсан, Тасөткел с.қ., Абай, Оразалы батыр, Ақсу, Тасөткел. Құбыры тартылған 5 е.м. – Мойынқұм, Жиенбет, Еңбек, Ақтөбе, Аспара.         Қалған 6 е.м. - Бәйдібек, Ақтасты, Бөлтірік, Балуан Шолақ, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар станциясына ішкі жүйеге ЖСҚ әзірленуде . 6 ауылды газдандыру экономикалық жағынан тиімсіз, қосылу нүктесінен алшақ және халық саны аз. Олар – Көкжиек (200), рзд. Құмөзек (116), ст. Еспе (278), Алайғыр (159), Құлақшын (192), Жиделі (134). Сондай-ақ ағымдағы жылға ауданда жалпы 14 әлеуметтік нысанды табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілді. Оның 12-і білім нысандары, 1-і көппәтерлі тұрғын үй (75 пәтер) және            СПТУ-24 жатақханасы. Жалпы қаражат көлемі – 831,5 млн теңгені құрап отыр. 2024 жылға 3 медициналық нысанды (Көктөбе құны – 3,7 млн, Белбасар құны 8,9 млн, Бірлік құны - 13,0 млн) газға қосу жұмыстарыжүргізіледі.   Жолдар  Шу ауданы бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 844,82 шақырымды құрайды. Республикалық маңызы бар 2 жолдың ұзындығы 118 шақырым, Облыстық маңызы бар 3 жолдың ұзындығы 112,1 шақырым, Аудандық маңызы бар 17 жолдың ұзындығы 71,72 шақырымды Ішкі көше жолдары 543 шақырым. Аудан бойынша 2023 жылға көше жолдары бойынша  45 жоба жоспарланып, жұмыстар толық аяқталды. Ауылдық округ тарапынан  8 жоба жоспарланған, жоба құны 126,6 млн теңге. Бүгінгі таңда, 4 жоба бойынша асфальт төсеу және 4 жоба бойынша орташа жөндеу жұмыстары (ПГС) жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар Жаңажол ауылына кіре беріс 6,9 шқ жолына (310,3 млн теңге) орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды (мердігер- «Шу-Автодор»). «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылы көше жолдары бойынша жоспарланған 16 жоба, жалпы ұзындығы 26,87 шқ, жоба құны 849,7 млн теңге. Бүгінгі таңда жұмыстар толығымен аяқталған. Шу ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудандық маңызы бар Жайсан ауылына кіреберіс (0-1,11 шқ жоба құны 45 998,0 мың теңге), Бірлік ауылына кіреберіс (0-1,54 шқ жоба құны 63 948,0 мың теңге), Тасөтел ауылына кіреберіс (0-4,20 шқ жоба құны 163 094,2 мың теңге) және Балуан Шолақ-Бөлтірік-Ақтасты ауылына кіреберіс (0-4,12 шқ жоба құны 163 688,3 мың теңге) автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 50/50 паритетті қаржыландыруға ұсыныс беріліп, қолдау тапты. 2024 жылға арналған «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылуы бойынша 11 жоба тізімі, көше ішілік 26 шақырым жолдарды жөндеу жұмыстарына жоба құны 834 735,0 мың теңгеге ұсыныс берілді. Сонымен қатар, Шу қаласы мен елді мекен көшелерін орта жөндеуге 50/50 паритетті негізде 15 жоба тізімі, 325 674,0 мың теңгеге ұсыныс берілді. Шу қаласы бойынша Шу қаласында ұзындығы – 204,2 шқ құрайтын барлығы 313 көше бар болса, оның ішінде мүлдем асфальтталмағаны - 164 көше  немесе 52% (асфальтталғаны 149 көше немесе 48 пайыз). Биылғы жылға қаланың жолын жөндеуге 462 млн 412 мың теңге  қарастырылды. (2022 ж 250 млн теңгеге 7,5 шқ жол 14 көше жасалған). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 212 миллионға артық. Бөлінген қаражаттың нәтижесінде ұзындығы 22 шқ болатын 17 көше, 3 жаяу жүргіншілер жолы және 11 көшеге шағал тас төсеу (ПГС) жұмыстары жасалды. 2024 жылдың жоспарына 32 көшені асфальттауға бюджеттік ұсыным берілді. Аталған ұсыным негізінде бюджеттен қолдау тапқан жағдайда 488 млн 420 мың теңге  ұзындығы 16,072 шқ болатын 32 көше жөнделетін болады. Сондай-ақ, келер жылға 28 шқ болатын 20 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары және 6 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу жоспарымызда бар. Тиісті сметалық құжаттамалары әзірленген. Жалпы сомасы 270 млн 885 мың теңге. Білім Ауданда 114 білім мекемесі бар (47 мектеп, 37 балабақша (оның ішінде мемлекеттік-23, жеке мекшік-14), 4 коледж, 7 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет). Ағымдағы жылы 2021 жылы бастау алған Төле би а. 300 орындық Әл-Фараби мектебі қараша айының 20 күні пайдалануға берілді  (771,2 млн.). 2024 ж.5 жаңа мектеп, 2  жапсарлас құрылыс, 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді. Бүгінгі күнге 3 жаңа құрылыс (Жиенбет а. 100 орындық м., Шу қ. 600 орындық 2 жайлы мектеп), 1 жапсарлас құрылыс (Шу қ. Ғ. Мұратбаев мект. спорт, акт зал, асхана), 1 күрделі жөндеу (Шу қ. Макаренко о.м. 574,4 млн) қолдау тауып, 2024 жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. - жаңа құрылыстар: Жиенбет а. 100 орындық м., Жайсан 120 орындық м., Көктөбе а. 120 орындық м.,  Шу қ. 600 орындық 2 жайлы мектеп; - жапсарлас құрылыс: Шу қ. Ғ. Мұратбаев мект. спорт, акт зал, асхана және Төле би а. С.Шәкіров мектебіне жапсарлас мектепке қосымша спорт зал салу; - күрделі жөндеу: Шу қ. Макаренко о.м. 574,4 млн, Абай а. Абай о.м.368,6 млн, Көкқайнар а. Естемесов о.м. 423,8 млн, Мойынқұм а.Мойынқұм о.м. 665,7 млн, Тасөткел а. Ш.Мұртаза о.м.420,3 млн Денсаулық сақтау Денсаулық саласында 32 медициналық ұйым бар (2 аурухана, 2 амбулаториялық-емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік акушерлік пункт, 7 медициналық пункт, 1 стамотология). Биылғы жылы Төле би а. 48 орындық балаларды оңалту ортылығы және Жиделі ст. 5 келушіге арналған медециналық нысан  пайдалануға берілді. 2024 жылы Аспара ст. 5 келушіге арналған медициналық нысанның ЖСҚ-сын әзірлеп, 2025 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Шу қалалық аурухананы көрделі жөндеу мен қайта жаңғыруға ЖСҚ әзірлеу үшін 15,6 млн теңге бөлінді Нәтижесінде медицина саласындағы қажеттілігі толық шешімін табатын болады. Мәдениет 48 мәдени ошақтары бар (21 мәдениет үйлері мен клубтар, 25 кітапхана, 1 мұражай, 1 мұрағат) 2 ауылдық клуб апатты жағдайда болса (Ақсу, Далақайнар), 5 клуб ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Белбасар, Жаңа жол). Осы 7 жобаның барлығы құрылыс қажет етеді. Ағымдағы жылы Абай а. 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, тамыз айында пайдалануға берілді (256,9 млн.). 2022 жылы Ақтөбе (құны 391,1 млн. теңгеге құрылысы 2026 жылға жоспарланған), Белбасар (құны 320,0 млн. теңгеге құрылысын жүргізу 2024 жылға жоспарланды) ауылдарының мәдениет үйі құрылысына ЖСҚ дайындауға 6,0 млн қарастырылып, сараптама қорытындысы алынды. 2023 ж. Ақсу а. (260,4 млн) және Далақайнар  а.(256,4 млн)мәдениет үйлерінің құрылысы осы жылы ЖСҚ-ларының мерзімі өтуіне байланысты түзетулер енгізілуде. 2024 ж. Белбасар а. 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы қолдау тапты (320,0 млн). 2025 жылы 3 мәдениет ошағын күрделі жөндеу қарастырылып отыр (Сауытбек а., Көкқайнар а., Бірлік а.). Сонымен қатар, 2028 жылға дейін Мойынқұм, Алға ауылдық клубтарының құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда Мойынқұм ауылдық клубының құрылысына ЖСҚ дайындауға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан салалық келісім алынды.  Спорт 5 спорт мекемесі бар (4 балалар жасөспірімдер спорт мектебі,1 бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы) Бүгінгі күнге Қонаев аулында құны 369,1 млн теңгеге спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын, жыл соңына дейін пайдалуға берілетін болады. 2024 ж. 26 жоба жоспарда: 15 жоба - заманауи үлгіде стритворкаут, басткетбол, футбол алаңшалары және балалар  ойын алыңшалары. 9 жоба құрылыс – 7 жобаның ЖСҚ дайын (құны 2,8 млрд. Шу қ-2, Жанажол, Бірлік, Ақтөбе, Көктөбе, Шоқпар) бюджеттік өтінім Құрылыс басқармасына ұсынылды. 2 жобаның  сараптама қорытындысы күтілуде.  (Құны 464 млн. Көкқайнар а., Балуан Шолақ). 2 жоба күрделі жөндеу – ЖСҚ әзірленуде (Шу қаласы РМЗ, Шу қаласы Локомотив). Шу қаласы бойынша Шу қаласында ұзындығы – 204,2 шқ құрайтын барлығы 313 көше бар болса, оның ішінде мүлдем асфальтталмағаны - 164 көше  немесе 52% (асфальтталғаны 149 көше немесе 48 пайыз). Биылғы жылға қаланың жолын жөндеуге 462,4 млн теңге  қарастырылды. (2022 ж 250 млн теңгеге 7,5 шқ жол 14 көше жасалған). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 212,0 млн. артық. Бөлінген қаражаттың нәтижесінде ұзындығы 22 шқ болатын 17 көше,                   3 жаяу жүргіншілер жолы және 11 көшеге шағал тас төсеу (ПГС) жұмыстары жасалды. 2024 жылдың жоспарына 42 көшені асфальттауға бюджеттік ұсыным берілді. Аталған ұсыным негізінде бюджеттен қолдау тапқан жағдайда 618,0 млн теңгеге ұзындығы 20,2 шқ болатын 42 көше жөнделетін болады. Сондай-ақ, келер жылға 28 шқ болатын 20 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары және 6 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу жоспарымызда бар. Тиісті сметалық құжаттамалары әзірленген. Жалпы сомасы 270,8 млн теңге.  Келесі мәселе: - Қаладағы аумағы жөнінен ең үлкен «Жеңіс саябағына» және Төле би ауылындағы М.Жүнісалиев саябағына да көңіл бөлудеміз. Қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде. Шу қаласы Айнакөл көшесіне іргелес жатқан аумақта Атшабар (ипподром) құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірленіп, келер жылы бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып, жүзеге асыратын боламыз. - Теміржол вокзал ғимаратының және аумағын жөндеу мәселесі де өзекті болып отыр. Негізгі ғимараттар «Қазақстан ТЖ» АҚ-ң теңгерімінде болғанымен, вокзалға іргелес жерлер қала аумағында болғандықтан осы аумақтарды жөндеу және  абаттандыру мақсатында ЖСҚ әзірленуде. 2024 жылы іске асыру жоспарымызда бар. - Шу қаласындағы аудандық полиция бөлімі ғимаратының тозығы жетуіне орай, жаңа ғимарат құрылысына ЖСҚ әзірленген. (сметалық құны - 3 163 727,0 мың теңге, жобалаушы -«Азия тур Проект» ЖШС). Сараптама қорытындысы 22.11.2022  жылы алынды. Бүгінгі күнде Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. - Қаладағы орталық көше бойындағы ескерткіштердің маңын абаттандыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Бұл бағытта 2024 жылға Шакиров көшесі бойындағы С.Шәкіров ескерткіші маңындағы аллеясын абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірленуде. - Шу қаласының кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғырту аяқталмаған нысаны бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға жолданды. - Сондай-ақ, ауданымызда кезекте тұрған азаматтарды үймен қамту мақсатында Шу қ. әскери қалашықта орналасқан 75 пәтерлі 4 үйді күрделі жөндеуден өткізу мәселесі де аудан әкімдігі тарапынан зерделенді. Дегенмен бұл үйлер сейсмикалық сараптамадан өтпей (Бүгінгі күнге нақты 1 үй сараптамадан өтпеген) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жарамсыз болып, бұзу жолдары қарастырылуда. - Шу қаласы, Төле би ауылы, Қонаев ауылының тұрмыстық қатты қалдықтарын тастайтын полигонының жұмысын жүйелендіру бойынша жұмыстарды атқарудамыз. Шу қаласының полигонын  жеке инвесторға сенімгерлік басқаруға берілді (Грин сити). Аталған бағытта қалған ауылдармен де жұмыстар жүргізілетін болады. Яғни жеке инвестор полигонды күтіп ұстап, сонымен қатар қалдықтарды қайту өңдеумен айналысатын болады. Бұл жұмыстар қолға алынды. Сонымен қатар қоқыс жәшіктерін жаңарту мәселесіне де көңіл бөлініп, жыл аяғына дейін басым бөлігін ауыстырамыз. Сондай-ақ, қоқыс жәшіктері тұратын орындарды да кезең кезеңімен ретке келтіруді 2024 жылдан бастап жүзеге асырамыз. Аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері аудандық мәслихат шешімімен бекітілді (1м3-2953 теңге. Көпқабатты үйлерге адам басына 391 теңге, жер үйлерге – 502 теңге).
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар