Цифрландыру саласындағы атқарылған жұмыстар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №727 қаулысына сәйкес «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы бекітілді. Ұлттық жобаларды іске асыру және барлық көрсеткіштерге қол жеткізу шеңберінде Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына (Облыс әкімінің 14.12.2022 жылғы №270 қаулысы және облыстық мәслихаттың №23-19 шешімі) 12 көрсеткіш енді. 2022 жылы Жамбыл облысында 38 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, ал 2023 жылы цифрландыру саласында 50 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланған болаты, қазіргі уақытта, Ұлттық жоба аясында электрондық еңбек биржасы арқылы 54 адам жұмысқа орналастырылды.
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - ТМС) халыққа және бизнеске ұсынатын цифрлық қызметтерді енгізу, «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық» модулін енгізу арқылы Геопортал алаңында бірінші кезеңінде, Тараз қаласы бойынша 13 қызмет автоматтандыру жоспарланған.
Алайда, ТМС қызметкерлерімен және мердігермен жүргізілген зерделеу жұмыстары аясында 15 қызметті автоматтандырылу мүмкіндігі анықталды. Жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру мақсатында, 50 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, жобаны іске асыру жоспарға сәйкес, қызметтердің автоматтандыру жұмыстары аяқталды.
Анықтама үшін:
- «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі щаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын бекіту туралы;
- Жеке тұлға үшін тұрмыстық тұтынудың жылу энергиясын ұсыну үшін жеке шот ашу («Жамбыл – Жылу» МКК);
- Жеке тұлға үшін тұрмыстық тұтынудың жылу энергиясын ұсыну үшін жеке шот ашу («Таразэнергоцентр» АҚ);
- Жеке тұлғаларға сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін ұсыну үшін дербес шот ашу («Жамбыл-Су» ШЖҚ МКК»);
- Жеке тұлғаларға меншік иесі ауысқан кезде газбен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге арналған шартты қайта ресімдеу (аты-жөнін өзгерту) («КазТрансГаз Аймак» АҚ);
- Жеке тұлғаларға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтерін көрсету үшін дербес шот ашу («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС);
- Жеке тұлғаларға меншік иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау қызметін көрсету үшін меншік иесін қайта тіркеу (аты-жөнін өзгерту) («ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС);
- Тұратын адамдар санын өзгерту («Таразэнергоорталық» АҚ);
- Тұратын адамдар санын өзгерту («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС);
- Тұратын адамдар санын өзгерту («Жамбыл-Су» ШЖҚ МКК);
- Тұратын адамдар санын өзгерту («ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС);
- Заңды тұлғалар үшін тұрмыстық тұтынуды жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге үлгі шарт жасасу («Жамбыл – Жылу» МКК);
- Заңды тұлғалар үшін тұрмыстық тұтынуды жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге үлгі шарт жасасу («Таразэнергоцентр» АҚ);
- Заңды тұлғалар үшін меншік иесін ауыстырған кезде сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін ұсыну үшін меншік иесін қайта ресімдеу (аты-жөнін өзгерту) («Жамбыл-Су» ШЖҚ МКК»);
- Жеке тұлғалар үшін меншік иесі ауысқан кезде қатты-тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) әкету жөніндегі қызметтерді ұсыну үшін меншік иесін қайта ресімдеу (ТАӘ өзгерту);
- Жеке тұлғалар үшін меншік иесін ауыстырған кезде сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін ұсыну үшін меншік иесін қайта ресімдеу (аты-жөнін өзгерту).
Келесі мақала