Цифрландыру саласындағы атқарылған жұмыстар
Цифрландыру саласындағы атқарылған жұмыстар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №727 қаулысына сәйкес «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы бекітілді. Ұлттық жобаларды іске асыру және барлық көрсеткіштерге қол жеткізу шеңберінде Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына (Облыс әкімінің 14.12.2022 жылғы №270 қаулысы және облыстық мәслихаттың №23-19 шешімі) 12 көрсеткіш енді. 2022 жылы Жамбыл облысында 38 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, ал 2023 жылы цифрландыру саласында 50 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланған болаты, қазіргі уақытта, Ұлттық жоба аясында электрондық еңбек биржасы арқылы 54 адам жұмысқа орналастырылды. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - ТМС) халыққа және бизнеске ұсынатын цифрлық қызметтерді енгізу, «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық» модулін енгізу арқылы Геопортал алаңында бірінші кезеңінде, Тараз қаласы бойынша 13 қызмет автоматтандыру жоспарланған. Алайда, ТМС қызметкерлерімен және мердігермен жүргізілген зерделеу жұмыстары аясында 15 қызметті автоматтандырылу мүмкіндігі анықталды. Жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру мақсатында, 50 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, жобаны іске асыру жоспарға сәйкес, қызметтердің автоматтандыру жұмыстары аяқталды. Анықтама үшін:
- «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі щаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын бекіту туралы;
- Жеке тұлға үшін тұрмыстық тұтынудың жылу энергиясын ұсыну үшін жеке шот ашу («Жамбыл – Жылу» МКК);
- Жеке тұлға үшін тұрмыстық тұтынудың жылу энергиясын ұсыну үшін жеке шот ашу («Таразэнергоцентр» АҚ);
- Жеке тұлғаларға сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін ұсыну үшін дербес шот ашу («Жамбыл-Су» ШЖҚ МКК»);
- Жеке тұлғаларға меншік иесі ауысқан кезде газбен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге арналған шартты қайта ресімдеу (аты-жөнін өзгерту) («КазТрансГаз Аймак» АҚ);
- Жеке тұлғаларға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтерін көрсету үшін дербес шот ашу («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС);
- Жеке тұлғаларға меншік иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау қызметін көрсету үшін меншік иесін қайта тіркеу (аты-жөнін өзгерту) («ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС);
- Тұратын адамдар санын өзгерту («Таразэнергоорталық» АҚ);
- Тұратын адамдар санын өзгерту («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС);
- Тұратын адамдар санын өзгерту («Жамбыл-Су» ШЖҚ МКК);
- Тұратын адамдар санын өзгерту («ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС);
- Заңды тұлғалар үшін тұрмыстық тұтынуды жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге үлгі шарт жасасу («Жамбыл – Жылу» МКК);
- Заңды тұлғалар үшін тұрмыстық тұтынуды жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге үлгі шарт жасасу («Таразэнергоцентр» АҚ);
- Заңды тұлғалар үшін меншік иесін ауыстырған кезде сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін ұсыну үшін меншік иесін қайта ресімдеу (аты-жөнін өзгерту) («Жамбыл-Су» ШЖҚ МКК»);
- Жеке тұлғалар үшін меншік иесі ауысқан кезде қатты-тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) әкету жөніндегі қызметтерді ұсыну үшін меншік иесін қайта ресімдеу (ТАӘ өзгерту);
- Жеке тұлғалар үшін меншік иесін ауыстырған кезде сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін ұсыну үшін меншік иесін қайта ресімдеу (аты-жөнін өзгерту).
Сондай ақ, елді мекендерді байланыспен қамту бойынша да біршама жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда 367 елді мекеннің 57-сі (15,5%) – 2G, 66-сы (18%) – 3G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен, 244 елді мекен (66,5%) – жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Ал, талшықты оптикалық байланыс желісімен 371 елді мекеннің 199-ы (53,6%) қамтамасыз етілген, қалған 170 (45,82%) елді мекен қамтылмаған. Жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен қамту 2022 жылы 54,6%, 2023 жылы 62,7%-ға өскен. «Кар-Тел» ЖШС-і 27 елді мекенде 4G мобильді байланысытың сапасын жақсартуды жоспарлап 23 елді мекенде жаңа базалық станция орнатты. (Тараз қаласы – қосымша 24 БС, Байзақ ауданы – Сарыкемер қосымша 1 БС, Үлгілі, Қостөбе, Жақаш, Бұрыл, Жамбыл ауданы – Өрнек, Жасөркен, Бесжылдық, Жуалы ауданы – Б.Момышұлы қосымша 1 БС, Т.Дүйсебайұлы, Көлбастау, Қайрат, Көктөбе, Меркі ауданы – Меркі қосымша 1 БС, Сыпатай, Шалдовар, Қордай ауданы – Жамбыл БС ауыстырылды, Сарысу ауданы – Жаңатас қаласы қосымша 2 БС, Шағалалы, Талас ауданы – Арал, Т.Рысқұлов ауданы – Қосапан, Шу ауданы – Төле би қосымша 1 БС) «Кcell» АҚ-ы 23 елді мекенде 3G/4G мобильді байланысының сапасын жақсартуды жоспарлап, 26 елді мекенде жұмыстарды аяқтады. (Байзақ ауданы – Аймантөбе, Дихан, Сарыбарақ, Ақжар,Тегістік, Жамбыл ауданы – Қаратау, Жуалы ауданы – Алатау, Кәріқорған, Қордай ауданы – Қаракемер, Арал,Жамбыл, Меркі ауданы – Кеңес, Аңдас батыр, Сыпатай, Мойынқұм ауданы – Мирный, Биназар, Ақсүйек, Сарысу ауданы – Шағалалы, Жайылма, Талас ауданы – Арал, Талапты, Қайыр, Т.Рысқұлов ауданы – Көкдөнен, Құмарық, Жақсылық, Шу ауданы – Оразалы батыр) «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-і 22 елді мекенде 3G-ден 4G-ге ауыстыруды жоспарлап, 28 елді мекенде жұмыстарды аяқтады. (Тараз қаласы 4 жаңа БС, Байзақ ауданы – Мәдімар, Үлгілі, Мырзатай, Ақшолақ, Жамбыл ауданы – Бесағаш, Жалпақтөбе, Жасөркен, Жуалы ауданы – Шақпақата, Қордай ауданы – Отар, Жамбыл, Сарыбұлақ, Бетқайнар, Ноғайбай, Меркі ауданы – Аспара, Ақтоған, Кеңес, Сарысу ауданы – Жайылма, Т.Рысқұлов ауданы – Ақыртөбе, Каменка, Көгершін, Қызылшаруа, Шу ауданы – Ақсу, Ақтөбе, Көкқайнар, Төле би, Белбасар, Бірлікустем). Сонымен қатар, 2023 жылғы 17 сәуірдегі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі және ҚР оқу ағарту мининистрлігімен бекітілген №153 н/қ бірлескен бұйрығына жалпы облыстағы 446 мектептің 165-і сәйкес келмеді. (Интернет жылдамдығы 10 мбиттен төмен). Бүгінгі күнге, 146 мектепте (Жамбыл ауданы – 9, Жуалы ауданы – 25, Қордай ауданы – 42, Меркі ауданы – 13, Мойынқұм ауданы – 16, Сарысу ауданы – 19,Талас ауданы – 9, Шу ауданы – 13) интернет жылдамдығын жоғарылатуға байланыс операторларының техникалық мүмкіндіктері анықталып (Транстелеком – 56, Е-Телеком – 12, Қазақтелеком – 40, Билайн – 28), 20-150 мбит/с көтерілді. Ал, қалған 12 мектеп (Қордай – 5, Мойынқұм – 3, Сарысу – 3, Талас – 1) бойынша байланыс операторларының техникалық мүмкіндіктері болмай, StarLink спутниктік желісі арқылы қосуға ұсынылды. Қала тұрғындары мен туристерді демалыс орындарында Wi-Fi интернет қамтамасыз еті мақсатында «Көне Тараз» этномәдени кешенін (аумағын), Арбат, Т.Рысқұлов атындағы саябақ және орталық стадионды «Freedom Telecom» ЖШС есебінен Wi-Fi интернет желісімен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өңірдегі перспективалы стартап жобаларды қолдау аясында «IT хаб құру» іс-шарасы бекітілген. «ZhambylHub» өңірлік IT-хабының басты міндеті өңірдегі перспективалы стартап жобаларды қолдау болып табылады. «Astana Hub» - пен тығыз ынтымақтастықтың арқасында «инкубация» және «акселерация» бағдарламалары арқылы жобаларды бизнес-инкубациялау, сондай-ақ оларды «Astana Hub» аумағында одан әрі сүйемелдеу мүмкіндігі пайда болды. «Astana Hub» тәлімгерлерінің қатысуымен тұрақты білім алушылар тренингтерін, сондай-ақ Тараз қаласында IT іс-шаралары үздіксіз өткізіліп жатыр (Meet up, Speaker talks, Pitch Day, Speed day). Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты және Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы «ZhambylHub» өңірлік IT хабының базасында Жамбыл облысының IT қауымдастығын құру мүмкіндігін қарастыруда. Анықтама үшін: IT қауымдастықтың басты мақсаты өңірді цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатқа белсенді қатысу арқылы цифрлық технологияларды дамытумен қатар жүретін өңірде тұрақты IT қауымдастығын құру болып табылады. 2023 жылы 24-25 ақпан аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы және «AVR Group» компаниясымен бірлесіп мектеп оқушылары, колледждер және жоғарғы оқу орындараы студенттерінің қатысуымен бірінші өңірлік «ITII HACKATHON-2023» іс-шарасын өткізді. Анықтама үшін: ITII HACKATHON – стейкхолдерлердің өңірдің дарынды ІТ-мамандарымен бірлесіп экономиканың нақты секторлары үшін IT шешімдерін іздеу мақсатына арналған платформа. ITII HACKATHON-ға IT саласындағы мәселелерді шешуге дайын 80 команда, 350 оқушы мен студенттер тіркелді. Ағымдағы жылдың 22 шілде күні Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы «ZhambylHub» өңірлік IT бірлесе ұйымдастыруымен - Speed Dating форматында жас стартаперлердің кездесуі өтті (Кездесу мақсаты - жастардың идеялары мен жобаларын ұсынуға мүмкіндік беретін әмбебаб алаң құру, жас стартаперлердің кәсіби және тұлғалық дамуына көмектесу, технологиялық міндеттерді шешудегі стартаптардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру). «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы білікті кадрлардың саны» көрсеткішінің «Жамбыл облысында 2023 жылы 1 бағдарламалау мектебін ашу» іс-шарасы бекілген. 2022 жылдың 2 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында IT Академиясы ашылды. IT Академияның мақсаты - ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру: білім алушылардың ақпаратпен жұмыс істей білу дағдыларын, технологиялық дағдыларды қалыптастыру. IT Академиясында білім алушылардың жасы 10 жастан 50+ жасқа дейін. 50 адам білім алған, Cisco (7 сертификат) және Huawei (8 сертификат) компанияларының сертификат иегері атанған. Курстар тізімі: - ҰБТ-ға дайындық (Информатика пәнінен); - Робототехника; - Графикалық дизайн; - «Күміс IT» цифрлық сауаттылықты арттыру курсы; - Компьютерлік модельдеу (3D printing, UV printing, лазерлік құрылғыда жұмыс істеу). Мастер класстар: - Әлеуметтік медиадағы виртуалды коммуникациялар; - Бейнероликтерді монтаждау; - SMM skills және т.б.