"Қазақмыстағы" қаза: Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы қайтыс болды
"Қазақмыстағы" қаза: Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы қайтыс болды
Ұлытау облысында 26 желтоқсанда "Восточная Сары-Оба" шахтасында жерасты өздігінен жүретін машинаның жүргізушісі кеніштің 31 жастағы қызметкерін жаншып кетті. Жүргізуші абайсызда әріптесін басып кеткен. Арнайы құрылған комиссия болған трагедияның барлық мән-жайларын анықтауға кірісіп кетті. Сәйкестік пе? Дәл сол күні таңертең Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында қазақстандық жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің өмірін сақтандыруға асықпайтынын атап өткен еді.
Бұған дейін “Қазақмысқа” қарасты Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде қайғылы оқиға орын алған еді.