Жаңалықтар

Елді мекендерді су басу қаупін азайту үшін 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді

Елді мекендерді су басу қаупін азайту үшін 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді

Аталған су қоймаларын реконструкциялау 70 мың адам тұратын 64 елдімекенді су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ 74 мың га суармалы жерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді

Жұмыс істеп тұрған нысандарды жөндеумен қатар, кешенді жоспар Қазақстанның 9 облысында көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 жаңа су қоймасын салуды да көздейді. Жоспарды іске асыру су ресурстарының көлемін 3,7 текше шақырымға ұлғайтуға, суармалы жерлердің аумағын 2,2 млн гектарға дейін кеңейтуге, суармалы судың жыл сайынғы шығынын азайтуға және оның көлемін 3 текше шақырымға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.