Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ауыл мұғалімдері "Болашақ" бағдарламасы арқылы Ұлыбританияда тағылымдамадан өтеді

Ауыл мұғалімдері "Болашақ" бағдарламасы арқылы Ұлыбританияда тағылымдамадан өтеді
ашық дереккөзі
Ауыл мұғалімдері "Болашақ" бағдарламасы арқылы Ұлыбританияда тағылымдамадан өтеді
Мқғалімдер шетелде қашықтан оқыту әдістемесін зерттейді. Олар өскелең ұрпаққа білім беруде ұстаздың үздіксіз дамуы маңызды деп есептейді.
"Білімді ұстаз - білімді оқушы" қағидасын ұстанамын. Ұлыбританияда қашықтан оқыту әдістемесін зерттеймін. Меніңше, бұл - қазіргі заманда, әсіресе ауыл мұғалімдері үшін өзекті тақырып. Шетелде біліктілігімді арттырып, алған білімімді әріптестеріме бөліскім келеді", - деп атап өтті "Болашақ" стипендиаты Бану Абдраимова.
"Болашақ" бағдарламасымен денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мектеп, колледж педагогтері, инженер-техниктер, мемлекеттік қызметішлер, сондай-ақ БАҚ қызметкерлері тағылымдамадан өте алады.
"Өзім де ауыл мектебін бітірдім. Жоғары білім алғаннан кейін ауыл балаларына ағылшын тілін үйрету үшін туған өлкеме оралдым. Шетелге оқуға барамын деп ойламаппын. Білім мен өзіңе деген сенім әрқашан қалаған нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Оқушыларымның да әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі болады деп үміттенемін", - дейді стипендиат Фариза Мухатова.
Биыл бағдарламаға құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі 9 қаңтарда басталып, 27 қаңтарға дейін жалғасады. Екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізілетін болады. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. "Болашақ" бағдарламасы аясында шетелге тағылымдамаға жіберілетін стипендиаттар кепілге мүлік қоймайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті. Соңғы 12 айда тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған ҚР азаматы үміткерге гарант бола алады.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар