Жаңалықтар

Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму барысының көрсеткіштері

Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму барысының көрсеткіштері

Мемлекет басшысының алға қойып отырған басым міндеттерінің бірі – өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту. Ағымдағы жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,9 млрд. теңгені құрап, 101,8% қалыптасты. Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде ауданға 24,4 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 101,1%-ды құрады. Жалпы, биыл ауданда 35 млрд. теңге инвестиция тарту көзделуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 5,6 млрд. теңгеге 393 жұмыс орнын құрайтын 66 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде. Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд. 520,4 млн. теңгеге 53 жоба қаржыландырылды. Қазақстан Республикасының «2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Байзақ ауданынан 58,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба индустриалды картаға енгізіліп, 2021 жылы 6,3 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылды. 2022-2025 жылдар аралығында аудан бойынша 56,3  млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобалар кезең кезеңімен іске асырылып, осы жобалар аясында 880 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша10 айда өнім 100,9%-ға артып, 63,3 млрд. теңгені құраса, 2 млрд. теңгеге 21 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. 2023 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдары жалпы 59 929 га алқапқа орналастырылды, 2022 жылмен салыстырғанда 377 гектарға артық. Мал шаруашылығы саласында 10 айда 19,8 мың тонна ет (26,3%), 40,3 мың тонна сүт (0,4%) өндірілді. Жыл қорытындысымен саладағы өнім көлемін 105%-ды құрайтын болса, техникамен жаңару деңгейін 12%-ға арттыру міндеті тұр. Жалпы, 2025 жылға дейін 4,5 млрд. теңгеге 200-гежуық жұмыс орны құрылатын 55 инвестициялық жобаны іске асыру межеленуде. 2023 жылы 42 шаруашылық қант қызылшасы дақылын жалпы 2350 гектар егіс алқапқа орналастырды. Қант қызылшасы дақылының 1205 гектар егіс алқыбына су үнемдеу технологиясы енгізілді. «Ауыл аманаты» жобасы алғашында 2019 жылдан бастап «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасы болып басталғаны белгілі. Бұл жоба 2019-2020 жылдарда Қостөбе және Түймекент ауылдық округтерінде, 2021 жылы Үлгілі ауылдық округінде нәтижелі іске асты. 2022 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы болып аталып, жобаға Жалғызтөбе ауылдық округі еніп, 2023 жылы толық аяқталды. Жоба аясында, ауылдық округ бойынша 132 азамат жалпы 804,5 млн. теңге несие алды. «Ауыл аманаты» жобасына ағымдағы жылы Ынтымақ және Көптерек ауылдық округтері ұсынылып, жұмыстар атқарылуда. Ынтымақ ауылдық округ бойынша 105 азамат, жалпы 751 млн. 690 мың теңге несие алуға ниет білдірген. Ынтымақ ауылдық округі бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасына дейін 56 кәсіпкер болса, бүгінгі күні 121 тіркеліп, 177 кәсіпкер болып отыр. Көптерек ауылдық округінде 142 азамат, жалпы 1 млрд. 8 млн. 445 мың теңге несие алуға ниет білдірген. Жыл басында ауылда 51 жеке кәсіпкерлер тіркелген болса, «Ауыл аманаты» жобасымен несие алу үшін қосымша 109 адам жеке кәсіпкер болып тіркелді. Бүгінгі күнге жалпы 160 жеке кәсіпкер жұмыс істеуде. Ауданда тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Ауданда жаңа массивтер мен мөлтек аудандар бой көтеруде. Жалпы, жыл басынан бері 29,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 36,1 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарда бар. Бүгінде құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 60 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі. 2022 жылы 2,6 млрд. теңгеге 9 жоба іске асырылып, 2023 жылы 7 елді мекенге орталықтандырылған ауыз су жүйесі берілсе, 2 елді мекен жыл соңына дейін қамтылатын болады. Газдандыру бойынша аудан аумағында орналасқан 43 елді мекен толығымен 100% көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Аудан аумағында жалпы 132,07 шқ-ды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 421,1 шқ-ды құрайтын 434 елді мекен көшелері орналасқан. 2023 жылы аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 97%-ға және елдімекен көшелерін 93,2%-ға жеткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы 677,1 млн. теңгеге жалпы 35,9 шқ-ды құрайтын 34 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен 3217 адам 539 отбасы тұрады, бұл аудан халқының 2,9 пайызын құрайды. Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 187 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. АӘК алушылардың саны былтырғы жылдың 10 айымен салыстырғанда 53 отбасыға немесе 9,8% азайған. Ағымдағы жылы білім беру саласына 23,8 млрд. теңге бөлінді, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,1 пайызға артты. «Жайлы мектеп» жобасымен Сарыкемер ауылында 600 орындық білім ошағы салынуда. Сонымен қатар, Базарбай ауылындағы А.Пушкин орта мектебіне жапсарлас спорт залы, асхана және 4 оқу бөлмелерінің құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы Аққия және Сарыбарақ елді мекендерінде 100 орындық мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Денсаулық сақтау ұйымдарының құрал жабдықтармен жабдықталу деңгейі жаңа емханада жаңа ғимаратпен бірге, пайдалануға берілген жаңа құрылғылар есебінен 92%-ға дейін артты. 2023 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы бойынша 25 келушіге арналған Жетібай және Диқан ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы бойынша 10 келушіге арналған Базарбай фельдшерлік-акушерлік тірегінің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Дихан-2 ауылынан 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік тірегі және Қызыл жұлдыз ауылынан 45 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жоспарланған.  2024 жылы аудан орталығы Сарыкемер ауылында 200 төсектік орынға арналған орталық аурухана құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда, 4,5 га жер телімі анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Жамбыл облысында елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту, олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасына 2022 жылға Тегістік ауылынан 90 орындық клуб ғимаратының құрылысы қыркүйек айында басталып, 2023 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Бүгінгі күнге мәдениет ошағы жоқ елді мекендер бойынша Кеңес ауылына 191 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көктал ауылдық мәдениет үйінің спорт залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. 2024 жылы аудандық мәдениет үйі мен Түймекент ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Дихан, Аймантөбе, Үлгілі, Байзақ, Мәдімар, Дихан-2, Жақаш ауылдық клубтарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 118 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 43 318 адам немесе жалпы халықтың 41%-ын құрап отыр. 2023 жылы облыстың 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес Сарыкемер ауылында жалпы сомасы 318,8 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жақаш, Жібек жолы, Базарбай, Талас ауылдарына спорт алаңшаларының құрылысына, сонымен қатар Үшбұлақ станциясына стритворкаут және балалар алаңын орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен 43,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Жібек жолы, Базарбай, Талас ауылдарында спорт алаңшалары пайдалануға берілсе, Жақаш ауылында және Үшбұлақ станциясында тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы 3254 жастың мәртебесі өзектендіріліп, 159 NEET жас анықталған, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күнге 44 NEET қалды. Есепті кезеңде 2091 жас (а.ж. 10 айында) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 50 жас 2,5%-бен жеңілдетілген несие алды. Кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 47 жасқа жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5%-дық шағын несие берілді. 2023 жылдың 10 айында аудан әкімі 61 қабылдау жүргізіп, 174 азаматты қабылдаған, оның 59-ы қанағаттандырылып, 34-не жазбаша түсінік берілген, 81-не ауызша түсінік берілген. 2023 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен 108 кездесуі өтті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан 258 мәселе көтеріліп, 102 бүгінгі күнге шешімі табылған, 77 бақылауға алынып, 79 кездесу барысында түсініктеме берілді. Кездесу барысында 54 жеке қабылдаулар өткізіліп, онда 54 мәселе қаралған. Бүгінгі күнге 23 мәселе шешімі табылып, 12 бақылауға алынған, 19 мәселеге кездесу барысында түсініктеме берілді. Байзақ ауданы әкімдігінің фэйсбук және инстаграм парақшалары ашылған. Бүгінгі күнге ауданның оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2373 материал (1155 – instagram, 1218 – facebook) жарияланып, нәтижесінде халықпен кері байланыс орнатылуда. Бүгінгі күнге аудан әкімдігінің ресми парақшаларына                          29 сұрақ, облыс әкімдігінің ресми парақшаларына 16 сұрақ және облыс әкімінің жеке инстаграмм, фейсбук парқашаларына 13 сұрақ келіп түскен. Келіп түскен сұрақтарға дер кезінде тиісті жауаптар берілді. 18 ауылдық округте және аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекемелерде халықпен кері байланыс орнату мақсатында «WhatsApp» желісінде 69 чат ашылып, 8825 қатысушы қамтылды. Оған ауыл тұрғындарымен қатар тиісті ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары енгізілген. Бұл мемлекеттік орган басшыларының халықпен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік береді.