Жаңалықтар

Петропавлда бизнесменді әйел, баласымен бірге өлтіріп кетті

Петропавлда бизнесменді әйел, баласымен бірге өлтіріп кетті

Полицияның мәліметінше, 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесі табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен.

Ведомство мәлімдегендей, іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауында. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Кісі қолынан өлген ер адамның ритуалды қызмет көрсететін дүкені болған.