Ұрланған байлық: 2023 жылы қанша сомадағы активтер мемлекетке қайтарылды
Ұрланған байлық: 2023 жылы қанша сомадағы активтер мемлекетке қайтарылды
Бұған дейін депутат Ермұрат Бапи бастаған бірнеше мәжілісмен бас прокурорға активтерді қайтару жұмыстары неліктен жабық екенін айтып, шағым сипатында сауал жолдаған. Бас прокурордың жауабы «бәрі дұрыс» дегенге саяды. 25 желтоқсанда депуттаттарға берген жауабында бас прокуратура қанша сомадағы активтер мемлекетке қайтарылғаны жөнінде ақпарат береді.
Комитеттің штат саны 50 бірлікті құрайды. Жедел кадрлық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті ведомстваға өзінің негізгі функцияларын бірден дерлік орындауға кірісуге мүмкіндік бергенін хабарлайды құзырлы орган.
Еске сала кетейік, бұған дейін вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа 500 млрд теңгенің күмәнді келісімшарттары анықталғанын мәлімдеген еді. Жалпы, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға мемлекет басшысы биыл 12 шілдеде қол қойған. Бұған дейін мәжіліс депутаттары заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі органдардың жұмысын сынға алған.Ермұрат Бапидің пкірінше, талан-таражға түскен активтерді қайтару – мемлекеттік дәрежеде жүргізілуі тиіс, бір жыл емес, бірнеше жылға созылуы тиіс науқан болуы керек.
Одан кейін антикор қазақстандықтардың шетелде заңсыз сатып алынған жылжымайтын мүліктері көрсетілген видео жариялаған.