Жаңалықтар

Былтыр Қазақстан шекарасында 35 мың адам ұсталған

Былтыр Қазақстан шекарасында 35 мың адам ұсталған

Шекара кеңістігінде Қазақстан заңын бұзған 35 487 адам ұсталған, соның ішінде 1094 шетел азаматы бар. Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз нәрсе өткізудің 8 026 фактісі тіркелді. Оның ішінде: 444 — есірткі, жалпы салмағы 1 тоннадан астам; 389 — қару-жарақ пен оқ-дәрі (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар); 279 — діни әдебиет (7 103 дана); 3 112 — жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр); 2 986 — жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар; 816 — жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактісінің алды алынды. Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактісі тіркелді. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 738 км браконьерлік аулау құралдары, 3 463 дана (20 276 кгбекіре балығы, 45 332 дана (67 899 кгұсақ балық, 23 250 дана (10 238 кгшаян тәркіленді. Алды алынған залал сомасы — 7 млрд теңгеден асады. Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.