Жаңалықтар

«Ұлттық қор - балаларға»: 1 ақпаннан бастап жинақтау шоттары ашылады

«Ұлттық қор - балаларға»: 1 ақпаннан бастап жинақтау шоттары ашылады

«Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша әр балаға түсетін қаражат мөлшері 1 ақпанға дейін белгілі болады. Ал 1 ақпаннан бастап қаражат алушыларға жинақтау шоттары ашылады. Қаржы теңдей бөлінеді. Балалардың тізімі, есепшоты, жалпы жүйе толықтай автоматтандырылған. Баланың 18 жасқа толғанға дейінгі жинақталған қаражаты Ұлттық қорда АҚШ долларымен сақталады. Egov-тан балаңыздың мәліметін таппай қалсаңыз не істеу керек 18-ге толмаған баласы бар қазақстандықтар «Ұлттық қор — балаларға» жобасында отбасының деректері дұрыс түзілгенінен көз жеткізу үшін Egov электронды үкімет порталында «Баланы қосу» функциясын пайдалану керек.