Жаңалықтар

2024 жылдың 1-ші қантарынан жалпы бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталады» «Екінші деңгейдегі банктердің аударылымдары

2024 жылдың 1-ші қантарынан жалпы бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталады» «Екінші деңгейдегі банктердің аударылымдары

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді. Осыған орай, сол уақыттан Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі Мемлекеттік кірістер органдары бұл тақырыпқа кеңейтілген түрде халық арасында тұсіндіру  жұмыстарын  жүргізуде. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты , ол көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін, Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкіне тиімді бақылау жүргізу үшін және мемлекеттік бюджетті жеке табыс салығы арқылы толықтыру болып табылады. Тапсырылатын декларацияның атауы – «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» 250.00 үлгідегі нысан. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарына болып табылатын, мынадай тұлғалар: Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары; Дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары. Қағаз және электрондық түрде – 2024 жылғы 15 қыркүйегінен кешіктірмей. «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларация үлгісі келесі   тәсілдерімен тапсырылады, Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq аzamat және (egov mobile) мобильді қосымшалары арқылы. Қағаз түрінде – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары және жеке заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары  тұрғылықты жері бойынша декларация тапсырады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер, атап айтқанда : Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда:

  1. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүліктері:
  • жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін, әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, «өзен-теңіз» жүзу кемелерін;
  • көлік құралдарын, арнайы техника және (немесе) тіркемелерін;
  • барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен (3450000 теңге) асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшасын;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін көрсетуге арналған.
  1. Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік:
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім бойынша тұрғын үйдегі үлес;
  • бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (туынды қаржы құралдарын қоспағанда, олардың орындалуы базалық активті сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылатын);
  • инвестициялық алтын;
  • зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;
  • республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде (34500000 теңге) көрсетілген қолма-қол ақша;
  • банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған берешегін қоспағанда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде жеке тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
  • Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде, осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Бұл ереже мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.
2024 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылғаннан кейін, 2025 жылдан бастап жыл сайынғы Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру міндеті туындайды.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! 2024 жылы активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар, күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті. Декларацияда көрсетілетін мәліметтер: -алынған кірістер -салықтық шегерімдер -мүлікті сату -мүлікті сатып алу мәліметтері. -Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарындағы ақша. - Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүліктер. -нотариалдық куәландырылған құжаттар болған кезде Дебиторлық/кредиторлық берешектер.