Басқармамен 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар
Басқармамен 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар
Басқарма өз жұмысын «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы жүзеге асырады және құрылысы салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан, пайдалануға берілген объектілердің мониторингін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң аясында қарайды. Мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыстарды жүзеге асырады 2023 жылы облыс аумағында құрылысы жүргізілген 887 нысан болды (2022 ж. 675 ). Оның 387 – і мемлекеттік бюджет есебінен (177 – өтпелі; 210 – жаңа) (2022 ж. - 368), ал қалған 500 – і (2022 ж. 307) жеке қаражат есебінен. 2023 жылы 172 (2022 ж. 78) құрылыс объектілеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 86 (2022 ж. 33) нұсқама берілді, 248 (2022 ж. 253) әкімшілік іс қозғалып, 159 (2022 ж. 162) тапсырыс беруші, 50 (2022 ж. 43) мердігер мекеме, 3 (2022 ж. 15) жобалаушы, 26 (2022 ж. 21) техникалық қадағалаушы, 10 (2022 ж. 11, сараптама ұйымы-1) авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл соммасы 68 695 930 (2022ж. 55 033 045) теңгені құрады. Облыс әкімдігімен келісілген алгоритмге сәйкес, 2023 жылы аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерімен және тиісті тапсырыс беруші басқармалармен 50 профилактикалық жиындар өтті. Жиын барысында құрылыстың барлық қатысушыларының, яғни, тапсырыс берушілердің, мердігерлердің, техникалық және авторлық қадағалаушылардың атқарған жұмыстары қаралып, туындаған сұрақтар талқыланып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермей, құрылыс сапасына жіті көңіл бөлу тапсырылды. Қала, аудан әкімдіктерімен және тапсырыс беруші басқармалармен бірлесе отырып құрылысы жүргізіліп жатқан 182 нысанға профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына (тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға) ескертіліп, кемшіліктер жойылды. 2023 жылдың бүгінгі күніне 20 лицензия берілді (2022ж.-42). Атап айтқанда: Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 12 лицензия берілді (2022ж.-27). Оның ішінде, І санат – 5 (2022ж.-2), ІІ-санат –3 (2022ж.-10), ІІІ санат – 4 (2022ж.-15). Жобалау қызметі бойынша 6 лицензия берілді (2022ж.-6), Оның ішінде, І санат –2 (2022ж.-1), ІІ-санат-3 (2022ж.-2), ІІІ санат-1 (2022ж.-3). Іздестіру жұмыстары бойынша 2 лицензия берілді (2022ж.-9). 2023 жылы инжинирингтік қызметтермен айналысатын сарапшыларға 91 (2022ж.-93) аттестат берілді. Оның ішінде, техникалық қадағалаушы-78 (2022ж.-75), техникалық зерттеп қарау сарапшысы-3 (2022ж.-6), жобалау жұмыстарының сарапшысы-3 (2022ж.-11) және авторлық қадағалаушы-7 (2022ж.-1). Жамбыл облысындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша 7 ұйым тіркелген (2021 ж.=4, 2022 ж.= 1, 2023 ж.= 2). 2023 жылы 7 хаттамалық тапсырма берілген. Оның ішінде 5 хаттамалық тапсырманың орындалуы бақылаудан алынды, 2 тапсырма орындалу үстінде. 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін 377 өтініш түскен (2022 ж-163). 249 өтініш қаралды (2022 ж -106), 125 өтініш құзіреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды (2022 ж -57), 3 өтініш қаралу үстінде. 2023 жылы 2710 хат келіп түсті (2022 ж-1618). Мерзімінде орындалмаған хаттар жоқ. Басқарма басшысымен 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін 24 азамат жеке қабылдауда болып, өтініштеріне тиісті түсініктемелер берілді.