Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Осыдан 112 жыл бұрын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) дүниеге келді.
Ол билік басында болған уақыт күрделі болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.