Жаңалықтар

Ақтоған ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Ақтоған ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Ақтоған ауылдық округінде тұратын халық саны – 4014 адам, Ақтоған – 3488, Қазақ-Дихан  – 526, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 864 немесе 51% құрап отыр. Сайлаушылар саны – 2262, көп балалылар – 42, зейнеткерлер – 170, мүгедектер – 41, еңбек жұмыссыздар -6.         Округ бойынша аула саны – 647, Ақтоған ауылында – 565, Қазақ-Дихан ауылында – 82.  Жергілікті ұлт өкілдері 98,8 % және басқа ұлт өкілдері 1,2 % құрайды. Ауыл бюджеті 2023 жылы 251 915 000 млн. теңгені құрады Ауылдық округтегі 2 елдімекен (Ақтоған, Қазақ-Дихан) табиғи газбен қамтылған.  Бүгінгі күні 627 үйдің 647 көгілдір отынмен  қамтылып 96,9% құрап отыр. 2023 жылға 111 166 000 теңге қаражат бөлініп, ауылдық округтегі Ақтоған ауылының Алтынсарин, Мырзатай,  Ақтікен және Қазақ-Дихан ауылының Маликасан көшелелеріне орта жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы тәсілімен мердігер Вега ЖШС мен 97 582 610 теңге қаражатқа келісім шарт жасалынып жұмыстар жүргізіліп толығымен аяқталды. Мырзатай көшесіне күн панелдерінен түнгі жарықтандыру орнатуға мердігер Шымырбаева жеке кәсіпкермен 2388,9 мың теңге қаражатқа келісім шарт жасалып жұмыстар жүргізілді және Абай, Ақтікен, Амангелді, Дәбесінов, Керімбай көшелеріне күн панелдерінен түнгі жарықтандыру орнатуға мердігер Интэк-сигнал ЖШС-мен 6444,1 мың теңге қаражатқа келісім шарт жасалып көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Үнемделген қаражат көлемі 4750,0 мың теңге 2024 жылға жоспар:

  1. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы асында Ақтоған ауылдық округінің 5 көшесіне, атап айтқанда: Керімбай, Нартбаев, Дәбесінов, Алтынсарин, Жаңа көшелерін орташа жөндеу (асфальт) жұмыстарын жүргізу. Қаражат көлемі – 269,878 млн. тг.
  2. Ақтоған және Қазақ-Дихан ауылының саябағының абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Қаражат көлемі 337.948 млн.тг.