Жаңалықтар

2023 жылдың қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

2023 жылдың қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

Жамбыл облыстық сотының судьялары «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында облыс соттарының 2023 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы брифинг өткізді. Брифингте азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева сөз сөйледі. Өзінің сөзін Ж.Рүстембеков маңызды бағыттардың бірі  – заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғауға мен сот төрелігіне деген сенімін арттыруға бағытталған сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардан бастады. Спикер сондай-ақ азаматтық істер бойынша сандық көрсеткіштерге тоқталып, 2023 жылдың 12 айында облыс соттарымен 17 929 азаматтық іс өндірісімен аяқталғанын, оның ішінде 10 018 іс бойынша шешім шығарылғанын айтты. 11 048 медиабелді азаматтық істердің, 5378-і татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталғанын көрсетті. Қылмыстық істердің қаралу нәтижесі туралы айтқан Н.Абидов, соңғы жылдары соттармен қаралған істер санының азаюы байқалатынын атап өтті. Мәселен, 2023 жылы 1646 адамға қатысты 1356 қылмыстық іс үкім шығарумен қаралған. Сондай-ақ спикер өз баяндамасында, алқабилер сотымен қаралуға жататын істер бойынша енгізілген өзгерістерге толығырақ тоқталып өтті. Қазіргі уақытта алқабилердің қатысуымен қаралуға жататын істердің тізбесі кеңейтілгенін айта отырып, 9 адамға қатысты 8 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралса, өткен жылы олардың саны 5 болғанын хабарлады. Өз баяндамасымен Д.Нұрлыбаева әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан жұмыс істейтін - әкімшілік әділет институты құқықтық мемлекеттің маңызды атрибуты, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік беретін "халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" күшті тірегі болып табылатынын атап өтті. Әкімшілік әділет аясында 2023 жылы соттарға 1205 әкімшілік іс түсіп, оның ішінде 1002 қаралған. Спикер әкімшілік істерді қарау барысында судьялармен азаматтар мен бизнес субъектілерінің сотқа шағымдары мен өтініштеріне негіз болған  лауазымды адамдардың, әкімшілік органдардың жүйелі проблемалары анықталғанын атап өтті. Әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың атына 2023 жылы 80 жеке ұйғарым (ЖАО -15, олардың қарамағындағы ұйымдар-19, ОМО-16, Азаматтарға арналған үкімет-1, ЖСО-28) шығарылған. Брифинг барысында сот жүйесінің өкілдері журналистерді қызықтырған  сұрақтарға жауап берді.