Жаңалықтар

Әлеуметтік төлемдер. 2024 жылғы 1 қаңтардан зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердегі өзгерістер

Әлеуметтік төлемдер. 2024 жылғы 1 қаңтардан зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердегі өзгерістер

2023 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Президенті «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңға қол қойды, ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір әлеуметтік және базалық көрсеткіштерге өзгерістер енгізеді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақының мөлшері  85 000 теңгені құрайды. Тиісті қаржы жылына   әлеуметтік төлемдер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі ЕКД)  43 407 теңгені құрайды. Базалық зейнетақының, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және БЖЗҚ-дан ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшері күнкөріс деңгейіне байланысты. Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 3692 теңгені құрады. Ол жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұлдар, салықтар және басқа төлемдерді қолдану үшін қолданылады. Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9% - ға артты. Бұдан басқа, зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 55 айлық есептік көрсеткішті 203060 мың теңгені құрайды. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңге. Базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі   мөлшері  ЕКД-ның  65% немесе   28 215 теңге, ең жоғарғы мөлшері   105% немесе 45 578 теңге. Баланың туылуына байланысты  жәрдемақы мөлшері  үш балаға дейін  бір мезгілде 38 айлық  АЕК  140 296 теңгеге,  4  және одан кейінгі балалардың тууына - 63 айлық АЕК  немесе 232 596 теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен төленетеін басқа да  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар асыраушысынан айырылуына байланысты, мүгеедектігіне байланысты  а,ж   7% ұлғайды. Мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасыларды қолдау үшін  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 2024 жылы 69 886 теңгені құрайды. Жаңа жылда көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты орта есеппен   әр балаға 14700  теңгені құрайды. Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% арнайы жинақтау шоттарына аудару көзделген. 2023 жылдың 1 шілдеден бастап ҚР  Әлеуметтік кодексі аясында  Наградталған аналардың мәртебесмін арттыру мақсатында Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін арттыру ұсынылған – 27321 теңге. « Күміс алқа» алқасымен  марапатталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 6,4 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін арттыру ұсынылған – 23 629  теңге  құрайды Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде еңбек жағдайлары зиянды жұмыста ұзақ уақыт бойы істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Арнаулы әлеуметтік төлем  төрт көзден төленетін болады, мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің  (бұдан әрі ЕКД)  43 407 теңгеден айқындалады. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттары мынадай: 55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы. Арнаулы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік жәрдемақы; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен. Бұдан басқа, жұмыскерлерге БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу құқығы беріледі. Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлем экономиканың 19 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қазақстандықтарға тиесілі болады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады.