Қордай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Қордай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
: Бүгінгі таңда құрылыс саласында 2 млрд 768 млн теңгеге инвестиция тартылып, 21 жоба 165 жұмыс орындары ашылды. Ауылшаруашылығы бағытында 4 жоба 690,7 млн. теңгеге іске асырылып (сүт өңдеу цехы), 30 жұмыс орны ашылды. ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ Тұрғын үйлер. 2023 жылы Қордай ауылдық округінде кезекте тұрған азаматтарға 5 қабатты 60 пәтерлі 3 үй, 4 қабатты 40 пәтерден тұратын 1 үй және 18 жер үй қолданысқа берілді. Сондай-ақ, 5 қабатты 60 пәтерлі және 60 жер үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді ағымдағы жылы кезекте тұрған азаматтарға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Қордай ауылында «Батыс» ықшам ауданын 35 кВ ӘЖ электрмен жабдықтаудың инженерлік инфрақұрылымын салу, 5 қабатты 60 пәтерлі 3 тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілді. Жалпы соңғы жылдары Қордай ауылындағы әлеуметтік нысандар жаңадан бой көтеруде. Өткен жылы халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық мемлекеттік мұрағаттың жаңа ғимараты қолданысқа берілсе. Ағымдағы жылы аудандық полиция бөлімшесі мен 2 автомобильге арналған жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы қолданысқа берілетін болады. Аудан орталығында биылғы жылы «Жайлы мектеп» аясында 900 орындық мектептің құрылысы басталатын болады. КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ 2023 жылы оокруг бойынша шаруа қожалықтарда барлығы 5781,67 га жерге егістік егілді. Оның ішінде: 2023 жылы күздік бидай – 4219,57 га, арпа – 595 га, жүгері – 165 га, пияз -110 га, көп жылдық шөп 692,1 га егілді. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША Мүйізді ірі қара мал саны – 19516, ұсақ мал саны – 93570, жылқы саны – 1227 бас, шошқа – 1028 бас, ал құстар – 19241. ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРДІ АУЛАУ Жыл басынан округ бойынша 335 қаңғыбас ит ауланып, қазіргі таңда бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ Сібір жарасының алдын алу мақсатында округімізде 11992 бас ірі қараға, 88700 бас ұсақ малға, 1150 бас жылқы малына және 1000 бас шошқаға екпе салынды. АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ЖОЛДАР ТУРАЛЫ Ауыл ішіндегі жолдарының жалпы ұзындығы 121 шақырым. Республикалық маңызы бар жолдар – 22 шақырым. Аудандық маңызы бар жолдар – 2,5 шақырым. 2023 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 19 көшенің 7,2 шақырым жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауылдық округтегі көшелердің 2600 шаршы метріне шұңқырларды жабу жұмыстары жасалынды. Бүгінде ауылдық округте жөндеуді қажет ететін ауылішілік жолдар шамамен 25 шақырымды құрайды, ағымдағы жылға 11 көшесінің 12 шақырым жолдарын жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі таңда ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. ЖАРЫҚТАНДЫРУ Округте барлығы 114 көшенің 41 көшесінде жарықтандыру орналастырылған. 2023 жылы 3 көшеге ескі шамдарды диоттық жарық шамдарына ауыстыру жұмыстары жүргізілді. АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША Округ аумағындағы қатты қалдық тастайтын полигонын қоқыстарды тазалау жұмыстарына 4 480 мың теңге қаржы қарастырылып, ЖШС «Биг Билдинг» мердігері аталған жұмыстарды атқарды. Аталған мердігер Елімай көшесі мен Жібек жолы көшесі бойына жаяу жүргіншілерге арналған заманауи жаяу жүргінші жолы мен жарық шамдарын 35 млн 568 мың теңгеге, Красный Партизан ықшам ауданына 5 млн теңгеге балаларға арналған ойын алаңын орнатты. Абаттандыру жұмыстары бойынша Жібек жолы көшесіне 1500 түп емен ағашы отырғызылды, 12 түп апатты ағаш кесілді. Ауылды көркейту мақсатында гүлзарларды әсемдеуге арналған гүлдерге 2060,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША Самал ықшам ауданына 8 652,0 мың теңгеге және Өтеген көщесінің бойына 8 837 мың теңгеге су жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қордай ауылы Красный Партизан және Цемзавод шағын аудандарының сервистік желілерін тарта отырып, 2023 жылы су құбыры желілерінің құрылысы басталды. Мердігер компания «MBN Building» ЖШС, келісім шарт құны 429,1 млн теңгені құрады. Құрылыс 2024 жылғы өтпелі, ҚМЖ-95%. Аяқталуы 2024 жылдың сәуір айы. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТЕР БОЙЫНША 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекке көмекке 190 отбасының өтініштері келіп түсті, оның ішінде 23 отбасының кіріс көзі кедейшілік шегінен асып кеткені және тұрмайтындығы анықталды, 164 отбасына 814 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек алуға қайырылған отбасылар саны 41 Мансап орталығы арқылы жұмысқа орналасқан 1213 адамның жастар тәжірибесіне 112 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 251 адам, алғашқы жұмыс орындарына 28 адам, тұрақты жұмыс орындарымен 803 адам қамтылды. Сонымен қатар, «Күміс жас» жобасына 36 адам жолданса, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 3 азамат жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік грант бойынша 2023 жылы өз кәсібін бастауға 1 млн 380 мың теңгеден 31 азаматқа беру жоспарланып, бүгінгі таңда 26 азаматқа берілген. Шағын несие бойынша 3 азаматқа жалпы сомасы 17 млн теңге берілді. МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕКТЕР БОЙЫНША Жыл басынан ауыл әкімі аппаратынан және кәсіпкерлер тарапынан 13 отбасыға 1 млн 524 мың теңге көлемінде ақшалай көмек, 52 отбасыға 624 мың теңге көлемінде азық – түлік себеттерімен көмек көрсетілді. Қыс мезгілінің басталуымен қатты отынға мұқтаж 8 отбасыға 1,5 тонна, яғни 38 қап көмір, 1 көп балалы отбасыға 1 тон көмір түсірілді. 22 - Наурыз мерекесі күніне орай, 5000-ға жуық Қордай ауылының тұрғындарына және қонақтарына 6 млн теңгеге мерекелік дастархан жайылды. 07 сәуір күні «Ораза» мерекесі күніне орай, аудан әкімінің бастмасымен барлық қайырымдылық жасаушы демеушілер мен ауыл әкімшіліктерін, бөлімдерді жұмылдыра отырып аудан мешітінде 2000-ға жуық Қордай ауылының тұрғындарына және ауыл қонақтарына 1 млн 800 мың теңгеге ауызашар дастарханы жайылды. Тамыз айында «Мектепке жол» акция бағдарламасы бойынша Қордай ауылдық округінің әкімі аппараты, кәсіпкерлердің демеушілік көмегімен 20 балаға 450 мың теңге көлемінде мектеп формасын және мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтыды. ЖОМАРТ ТҮЛЕК ЖОБАСЫ «Жомарт түлек» жобасы аясында Қордай ауылының жастары және ауылдан шыққан жомарт түлектерінің демеушілігімен жалпы құны 120 млн теңгеге «Күрес залы» салынуда. Бұдан басқа Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебінің және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің түлектері 100 мың теңгеге мектеп қажеттіліктерін алып берді. АСАР ЖОБАСЫ 2023 жылы дәстүрлі үрдіске айналған «Асар» жобасы арқылы 69 млн теңгеге баспанасыз жүрген 5 отбасыға демеушілердің көмегімен тұрғын үй берілді. Оның ішінде 2 отбасы жалғыз басты әке, 2 отбасы көп балалы ана, отбасында мүгедек азаматтары бар 1 отбасы санаттарына жатады. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Округте 2023 жылы 57 қылмыс тіркелген (ұрлық-26, алаяқтық-12, есірткі заттарын қолдану және тасымалдау – 15, қастандық жасау - 4). 2022 жылы 62 қылмыс тіркелген(ұрлық-15, алаяқтық-13, есірткі заттарвн қолдану және тасымалдау – 12, қастандық жасау – 2) 55 пайызға айзайған.