Ұланбел ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Ұланбел ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Ұланбел ауылдық округі бойынша бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму жолдарындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер! . Ұланбел ауылдық округінде , 7 көше 207 ауладан, 985 тұрғыннан тұрады. Округ бойынша 37 өзге ұлт өкілдері бар. Ауылдың негізгі шаруашылық бағыты ауылшаруашылығы саласы. Ауыл округтің жалпы жер көлемі 564750 гектар, оның ішінде 305893,5 гектар жайылым жерлер. 17725 гектар шабындық жерлер. Ауылдық округте барлығы 15 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген. Тұрақты жұмыс істейтін ұжымдар саны-15. Округтегі халықтың 985 - адамның ішінде 385 экономикалық белсенді тұрғындар болса,210- жұмыспен қамтылғандар,88- зейнет жасындағылар, 157-белсенді жұмыспен қамтылғандар, өзін өзі қамтығандары - 114 ,мүгедектер саны-17. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылық 24-АШ есебінде МІҚ-2571 бас, оның ішінде сиыр- 2305 бас, ұсақ мал- 8774 бас, жылқы-389 бас, түйе-110 бас, үй құстары - 625 бас тіркелген. Тиісті ветеринариялық емдеу шаралары уақтылы жүргізілуде.
Қазіргі күні Ұланбел ауылдық округінде 2-асхана. 12 – дүкендер бар.
2023 жылы сәуір - тамыз айларында Әкімшілік, мектеп, Учаскелік Полиция пункті, Клуб, кітапхана ғимараттары ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. . Бюджет қаржысын игеру туралы:2023 жылы ауылдық округі әкімдігіне бөлінген 52 млн 711 мың теңгенің әкімдік аппараттының қызметін ұйымдастыру үшін тиісті заң талаптары аясында толық игерілді. ІI. деңгейлі бюджет және салықтық түсімдері орындалуы бойынша Жер салығы түсімдері 2 мың тенге, орындалғаны 2 мың тенге (100%). Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 303 тг түсті (100%), Мүлікке салынатын салықтар жоспар 35 мың тенге, орындалғаны 42 мың теңге (120,%), Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық жоспар 2 млн181 мың тенге, орындалғаны 2 млн 456 мың теңге түсті (112%). Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем 22 млн 525 мың тг түсті (РИО ТИНТО)
Еңбек бағдарламасының «Ауылшаруашылғын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы 3 кәсіпкер, қайтарымсыз 1 225 000тг грант алып әр түрлі шаруашылығымен айналысуда.
Қазіргі кезде ауылда мал бордақылаумен айналысатын тұрғындар саны артып келеді. «Мақсат» «Нұрсұлтан» «Молшылық» «Алексей» «Нұр» Шаруақожалықтарында мал бордақылау алаңдарында төрт - түлік малды бордақылауда.
Жер игерудегі мәселе:
Жайылымдық, шабындық жерлерді тиімді игеруге байланысты жүргізіліп жатқан зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, өз мақсатында игерілмей жатқан жерлер жоқ.
Ауылдық округтің техникалық жарақтандырылуы. Ауылдық округтегі ауылшаруашылық техникалары 12 -трактор, 3-комбайн, 10-жүк көлігі, 4-соқа, 5-тырма құрайды.
«Нұр» және «Молшылық» «Кенжебек» шаруақожалықтары « Тараз - Вираж» АҚ-ың 35 млн. тенгеге 3 дана «Беларус» тракторлары мен түк шығаратын прес қосалқы құралдарымен сатылып алынды.
«Нұр» «Молшылық» «Жақсылық» шаруақожалықтары ауыл тұрғындарына мал азығы шөппен қамтамасыз етіп отырса, «Кенжебек» ЖК ауыл тұрғындарына қыс маусым айларына тас көмір жеткізіп беріп отыр. Денсаулық сақтау саласы бойынша: Ауылымыздағы дәрігерлік амбулаторияда 8 адам қызмет етеді. 1-дәрігер, 3-аймақтық медбике, 1-акушер, 1-тазалықшы (техперсонал), 1-от жағушы , 1-көлік жүргізуші. 2023 жылы 15 бала дүниеге келді, жүкті әйелдер саны- 4. Жүкті әйелдерге, 1-5 жасқа дейінгі балаларға және жаңа туған балаларға тегін дәрі-дәрмек беріледі. Сахарный диабетпен- 11 адам, онкологиялық аурумен-4 адам есепте тұр. Анамен бала өлімі болған жоқ. 2022 жыл бойында ауыл бойынша 118 адамға теңгенің тегін рецепті дәрі-дәрмектері берілді. Әлеуметтік сала және қайырымдылық көмек шаралары бойынша: Жұмыссыздық пен тұрмысы төмен отбасылар бойынша: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі негізінде барлығы 1 отбасыға (4 балаға) 140 мың тенге қаражат тағайындалып, төленіп берілсе, 4 балаға әлеуметтік азық-түлік көмегі берілуде. Аудандық кәсіпкерлік бөліммен бірлесе, Аз қамтылған көп балалы отбасыларына арзандатылған ұн таратылды.
2023 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа ауылдағы жұмыссыздар ішінен 12 адам жұмысқа тартылды. Жыл бойында мекемелермен шаруақожалықтарға, жеке кәсіпкерлерге тұрақты жұмысқа 5 азамат орналасты.
Білім беру саласы бойынша:«М. Әуезов атындағы шағын орталықты» орта мектебінде 174 оқушы білім алуда. Оларға 38 мұғалім дәріс береді. 2023 жылғы мектеп бітіруші түлектер 16.
Балдырған бала – бақшасында 45 бала тәрбие алуда, 23 қызметкер жұмыс жасайды, қыс маусым айларына 45 тонна жоспарға сәйкес, тас көмірі түсіріліп берілді.
Ормандар дүниесін қорғау саласыТөменгі Шу орман бөлімшесі Ұланбел ауылдық округінде 369928 шаршы метр орман алқабы орналасқан. Қазіргі таңда 37 қызметкер қызмет атқарады. Округ бойынша 11 шаруақожалық және 10 жеке қосалқы шаруашылығының малдары орман қоры жерінде орналасқан. Төменгі Шу орман шаруашылығында қызметттік 3 көлікпен қамтамасыз етілген және өрт сөндіру машинасы, 2 соқа, 2 рация, 2 мотоцикл, 2 трактормен қамтамасыз етілген. Төменгі Шу орман шаруашылығында 1 өрт бақылау мұнарасы орнатылған. Бақылау мұнарасы арқылы орман ахуалы үнемі бақыланып отырады. Ауылдық округте ауыз су станциясы 22 шақырымда орналасқан қазіргі таңда 4 жұмысшы жұмыс атқарады. Ауылға 24 сағат су беріліп отыр.
Ветеринариялық саласы бойынша күнделікті жоспарға сәйкес, жұмыс жүргізілуде. Кіші - Қамқалы малды ауылында «Қырым – Қанды гемаррагиялық қызбасының» табиғи ошағында кенеге қарсы жұмыстар жүргізілді.
Ішкі саясат, мәдениет, спорт және жастар ісі бойынша:Ауылдық округ әкімдігі ауыл ардагерлер кеңесімен, ауыл жастарымен тұрақты байланыс орнатқан. Ауылдағы саяси-әлеуметтік ахуал қалыпты. Ауылдағы отбасылық, ауылішілік өрескел кикілжіңдер ауыл ақсақалдарымен өнегелі аналар отырысында тұрақты қаралып отырады. Билер Кеңесінің жұмысыда белсенді жүргізілуде. Ауылдық кітапханада 13307 кітап қоры бар. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықпен күрес бойынша: Ауылда жалпы 2023 жылға Ұланбел ауылдық округінде қылмыс тіркелді Түнгі және күндізгі мезгілдерде қоғамдық орындарда қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында күнделікті алдын-алу іс шаралары патрульдік жұмыстар жүргізіліп отырады. Көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту туралы: Көктемгі, күзгі көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлықтары белгіленген жоспар бойынша өткізілді. Көктемгі көріктендіру және санитарлық тазалық екі айлығы және жаз кезіңде қоғамдық жұмысшылар күшімен ауыл ішілік көшелер, қоғамдық жерлер ауылдығы барлық көшелер күл - қоқыстан тазартылып, Көшелерге құм төселді. Жалпы ауылдық округте шешімін қажет ететін жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін тиісті құжаттары дайындалған, бақылауға алынған. Ауылымыздағы шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер, ілкімді азаматтарымыз елдімекенде өткізілетін әр түрлі қайырымдылық шараларға үнемі белсене қатысады. Биылғы жылы да осы қайырымды жоба жалғасын табатын болады.