Жаңалықтар

Облыстағы эпизоотиялық жағдай

Облыстағы эпизоотиялық жағдай

2023 жылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1 548 130 бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (бұдан әрі - АШЖБ) барлығы 4,2 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (495 мың бас ірі қара, 3,5 млн. бас ұсақ мал, 5 616   бас шошқа, 186 896 бас жылқы, 7 мың бас түйе малы) тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында. Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 24,5 млн. манипуляция жүргізілді. Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 37 елді мекенде (Байзақ - 1, Жамбыл - 1, Мойынқұм - 14, Сарысу – 7, Талас - 9, Шу - 1)  2,9 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына үш кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары (аудан әкімдерімен бекітілген кесте бойынша) толығымен жүргізілді.