Жаңалықтар

Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдері, көкөністер мен астық бағасы қаншаға өсті

Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдері, көкөністер мен астық бағасы қаншаға өсті

Өсімдік шаруашылығы бойынша қант қызылшасының бағасы ең жоғары 29,8%-ға өсті. Дегенмен, асхана қызылшасының бағасы 6,9 пайызға арзандады. Сондай-ақ, өндіруші бағалар қиярға – 18,5%-ға, пиязға – 10,9%-ға, қызанаққа – 6,5%-ға, картопқа – 2,4%-ға өсті. Дәнді дақылдардың ішінде жүгері – 17%-ға, арпа – 13%-ға, күріш – 10,4%-ға және бидай – 9,3%-ға қымбаттады.

Бұл ретте баға қырыққабатқа – 0,4%-ға, асханалық сәбізге – 0,3%-ға, зығыр тұқымына – 4,1%-ға және кептірілген жасымық – 2,6%-ға төмендеді.

Сонымен қатар тірі салмақта шошқа 27,7%-ға, құс 10%-ға, жылқы 8,2%-ға, қой мен ірі қара малдың әрқайсысы 7,4%-ға өсті. Бірақ қой мен ешкіден қырқылған жүн бағасы (оның ішінде жүнімен жуылған) 14%-ға төмендеді.