Былтыр Бас прокуратура 21,1 миллиард теңге бюджет шығынының алдын алған
Былтыр Бас прокуратура 21,1 миллиард теңге бюджет шығынының алдын алған
Сотта мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету - прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі. Былтыр прокурорлар сот қараған 20 мыңнан астам азаматтық және әкімшілік істерге қатысты.
Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша 313 сот актісі, оның ішінде 60 – Бас Прокурордың наразылықтары негізінде заңға сәйкестендірілді. 34,9 млрд теңгеге мемлекеттің мүддесі қорғалды. Прокурорлардың актілерімен олигополияға заңсыз берілген мүлік мемлекетке қайтарылды, бизнестің мүдделері мен азаматтардың құқықтары қорғалды.
Кәсіпкерлердің мүдделері үшін прокурорлардың актілері негізінде 9 сот актісі, соның ішінде 7 – Бас Прокурордың наразылығымен қайта қаралды. Мысалы, Жоғарғы Сот «Стройастес» ЖШС-ға 859 млн теңгеге салықтарды есептеу туралы негізсіз хабарламаны бұзды.
Тағы да бірқатар істерге қатысты Бас прокуратураның наразылығымен жер, тұрғын үй заңнамасы саласындағы азаматтардың құқықтары қорғалды. Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірыңғай сот тәжірибесі қалыптасты.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасын тауып жатыр.