Ботамойнақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму барысының көрсеткіштері туралы
Ботамойнақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму барысының көрсеткіштері туралы
Ботамойнақ ауылдық округінің аумағы 17696,48 га. 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы аула саны – 1234, халық саны – 7002 адамды құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді. 2023 жыл бойына АӘК жәрдемақысына 5 отбасының өтініштері қабылданды. 5 отбасының 25 адамына 2 млн. 233 мың теңгеге тағайындалып, толығымен төленді. 2023 жыл бойына жергілікті салықтар бойынша жоспарланған 24 млн. 367 мың теңгенің, 26 млн. 312 мың 573 теңгесі түсіп, жалпы орындалуы 108 % пайызды құрады. Салынған айыппұл саны - 4, сомасы 138 мың теңге. Ауылдық округтің жер көлемі 4497,2 га егістік жер болса, оның 1838,2 га суармалы, 2659 га тәлімі жер. 2023 жылы 340 шаруа қожалығы тіркеліп егін және мал шаруашылығымен айналысуда. 2023 жылы 500 гектарға арпа, 150 гектарға жүгері, 65 гектарға картоп, 300 гектарға қант қызылшасы, 790 гектарға көкөніс, 50 гектарға бақша, 246 гектарға жаңа жоңышқа, 537 гектарға ескі жоңышқа егіліп, тиісті өнім алынуда. Ботамойнақ ауылдық округінде жалпы жайылым жер бүгінгі күнге 9306 га, ал округтегі мал басына шаққанда қажетті жайылым көлемі 17335,8419 га, жайылым жердің жетіспеушілігі 8403 га, осы мәселені шешу үшін округтің қызмет көрсету аумағында бос жатқан жер учаскелерін түгендеп, нақты шекарасын бекіту арқылы таулы аймақтағы 902,8 га жер жайылым жер қосылды. 2023 жылы қой,ешкі - 31800 бас (+10376), МІҚ – 4686 бас (+1952), жылқы – 1650 бас (+674), үй құстары – 16260 бас (-5670), шошқа - 30 бас (-30). Ауылдық округте С.Абланов атындағыорта мектебі, №4 мектеп-лицейі, Үшбұлақ бастауыш мектебі, «Салтанат» бала бақшасы, ЖШС «Бағылан-2018» жеке меншік бөбекжай бақшасы, «Ботамойнақ шағын орталығы» жұмыс істейді. 1973 жылы салынған 150 орындық Байзақ ауылдық клубы бар. Кітапханада (қазіргі уақытта ауыл әкімшілігінде) цифрландырылған ақпараттық орталық тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде. Спорттық нысан - 17, спортпен шұғылданушылардың саны 2805 (40,06 %). Спорттық үйірмелер саны – 4 (волейбол, баскетбол, бокс, күрес). 2023 жылы тіркелген қылмыс - 10, ашылмаған - 1, ашылғаны - 9, оның ішінде, бөтеннің мүлкін ұрлау-2, алаяқтық -1, жол көлік оқиғасы-5, мал ұрлығы-1. Құқық бұзушылық пен мал ұрлығының алдын алу үшін Байзақ ауылында 6 бейне бақылау, Ботамойнақ ауылында 1, Үшбұлақ станциясында 1 бейне бақылау камерасы орнатылған. 2023 жылы тұрмысы төмен, толық емес отбасы, Ходжибаева Қымбатқа «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауыл белсенділерінің атсалысуымен 4 бөлмелі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Және әр түрлі санаттағы 5 отбасыларының үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Байзақ ауылының Амангелді Иманов көшесі орта жөндеуден өтті. Төрегелді, Р.Бегалиев, Жеңіс, Ақбұлақ, Орбұлақ, Ә.Дөненбаев және М.Алпысбаева көшелеріне шағал тас төселді. Төрегелді көшесі мен Байзақ-Ботамойнақ ауылдарының арасындағы бағаналарға түнгі жарық орнатылды. Ботамойнақ ауылдық округі әкімшілігінің ғимараты жөндеуден өтті. С.Байдешова көшесінің бойына жаңа трансформатор қойылды.