Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы
Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы
2023 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында 4383 қызылшамен ауырғандар тіркелді:
- ауырғандардың негізгі бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар 3594 (80%),
- оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар 783 (20%),
- 1,2,3,4 жас арлығындағы балалар 2113 (48%).
Жалпы облыс бойынша науқастар арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі 85,9% құрады, оның ішінде:
- вакцинациядан бас тарту 27%;
- медициналық ауытқулар 20%;
- егу жасына жетпеу 17%;
- егу туралы деректері жоқ адамдар 17%;
- вакцинацияның толық емес курсын алған адамдар 11%.
Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін 2023 жылғы 7 қарашадан бастап қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. 6 айдан 11 айға дейінгі балалар, 2, 3, 4 жастағы балалар вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ, вакцинация мәртебесі белгісіз 18 жасқа дейінгі адамдар үшін вакцинация жүргізіледі. Бүгінгі таңда қызылшаға қарсы вакцинаны 90 мыңнан астам адам алды. Жаппай иммундаудың арқасында төмендеу үрдісі байқалады, мысалы, егер 2023 жылдың желтоқсанында қызылшаның 1017 жағдайы тіркелсе, қаңтарда қызылшаның 643 жағдайы және ақпанның өткен кезеңінде қызылшаның 156 жағдайы тіркелді. ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы. Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, яғни 2023 жылғы 01 қазаннан 2024 жылғы 13 ақпанға дейін облыста ЖРВИ-ның (Жіті респираторлық вирустық инфекция) 198 231 жағдайы тіркелді, бұл ретте 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлес салмағы 60% құрады. Тұмау вирустарының айналымын анықтау мақсатында ЖРВИ белгілері бар науқастардан 511 материал зерттелді. Нәтижесінде «А» тұмауы вирусының айналымы анықталды (59 жағдай) және басқа да респираторлық вирустар: аденовирус, риновирус, парагрипп. Коронавирусты инфекциясы. Жамбыл облысында 2024 жылғы қаңтарда коронавирустық инфекцияның 9 жағдайы тіркелді, салыстыру үшін желтоқсанда 2 жағдай (ақпанның өткен кезеңінде 5 жағдай). Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 08 ақпандағы №2 «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес медициналық ұйымдарда персоналдар және келушілер міндетті түрде медициналық маскаларды пайдаланып, антисептик қолдануы қажет. Халықтың көп жиналатын жерлерінде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарында, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, ХҚКО-ларда, банктерде және басқа жерлерде, көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе тасымалы, теміржол тасымалы) медициналық маскаларды қолдану ұсынылады. Жедел респираторлық вирустық инфекция, коронавирустық инфекция, тұмау, қызылша адамнан адамға ауа тамшылары және тұрмыстық байланыс арқылы берілетінін білу маңызды. Сондықтан келесі алдын алу шараларын ұсынамыз: - адамдар көп жиналатын жерлерде болу уақытын шектеу; - мүмкін болса, аурудың белгілері бар адамдармен, мысалы, мұрыннан су ағу және жөтелмен байланысты шектеңіз; - бөлмені жиі желдетіп, үнемі дымқыл тазалап отырыңыз; - дәрігердің ұсынысы бойынша иммунитетті арттыратын препараттарды қолдану; - салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс ұйықтау, теңдестірілген тамақтану және үнемі спортпен шұғылдану. Сіз өзіңізді емдей алмайтындығыңызға назар аударамыз, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде білікті медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жүгіну қажет!!!