Жаңалықтар

Қазақстанның 250-ден астам елді мекенін су басу қаупі бар

Қазақстанның 250-ден астам елді мекенін су басу қаупі бар

Министрдің айтуынша, қардағы су қорының көлеміне, топырақтың күзгі ылғалдылығына, оның қату тереңдігіне, сондай-ақ қар астында мұз қыртысының болуын ескере отырып, су басу қаупі бар аймақтар тәуекел деңгейіне қарай бөлінген.

Ол өткен жылғы су тасқынының өтуіне жүргізілген талдау нәтижелері су басуының негізгі себептері өзен арналарының көбеюі мен лайлануы, су бұру жүйелерінің жоқтығы, су қорғау аймақтарында тұрғын үйлердің салынуы болып табылатынын айтты.

Министр Ақмола облысы Р.Қошқарбаев ауылы маңындағы Нұра өзенінің жағалауын нығайту қаржыландыру мәселесіне байланысты шешімін таппағанын атап өтті. Жыл сайын су тасқынында жағалау бұзылады, су үйлерге келеді. Биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттаманың жарамдылық мерзімі аяқталады.

Су тасқыны кезеңіндегі тағы бір мәселе жолдардың тасуы мен бұзылуы, бұл көлік қозғалысының үзілуіне және жекелеген елді мекендердің оқшаулануына әкеледі. Бүгінгі таңда республикада су басу қаупі бар 482 автомобиль жолдары мен алты жүзден астам темір жол учаскелері бар.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы ретінде Индустрия министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жолдарды жобалау және жөндеу кезінде жаңа жолдарды құруды немесе өткізу қабілетін арттыруды қамтамасыз ету қажет деді. Әрі қолданыстағы су өткізгіш құбырлардың сапасына назар аударуды алға тартты.