Жамбыл облысы бойынша «Zhas project» жобасы аясында жастар жобаларына гранттар бөлу туралы
Жамбыл облысы бойынша «Zhas project» жобасы аясында жастар жобаларына гранттар бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, Жамбыл және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жастардың әлеуметтік және тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қоры «ZHAS PROJECT: JAMBYL, ŪLYTAU» жобасын бастауда. Жобаның негізгі мақсаты – өмір мен еңбек үшін қажетті дағдыларды дамыту, әлеуметтік және экономикалық өмірге тарту және уақытша жұмыссыз жастардың бастамаларын қолдау арқылы белсенді, жауапты және табысты жас ұрпақты қалыптастыру. Жастарды жоба туралы ақпараттандыру аясында NEET (уақытша бос жүрген жастар) санатындағы жастармен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізіледі, байланыс орталығы құрылады. Жастардың өмірге және жұмысқа қажетті дағдыларын дамыту үшін 21 ғасыр дағдылары, әлеуметтік және бизнес дизайны бойынша онлайн курс дайындалып, жастарға арналған әлеуметтік және кәсіпкерлік жобаларын дайындау бойынша бір күндік шеберлік сабақтары өткізіледі. Жастардың әлеуметтік және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында жастарға арналған әлеуметтік жобалар байқауы ұйымдастырылады. Конкурсқа 18 бен 34 жас аралығындағы Жамбыл облысында және Ұлытау облысында тұрақты немесе уақытша тіркелген, жұмыс жасамайтын, оқымайтын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Сараптамалық комиссия конкурс қатысушыларының ішінен одан әрі қаржыландыру үшін 28 жобаны таңдайды, оның ішінде 20-сы Ұлытау облысында, 8-і Жамбыл облысында. Шағын гранттарды іске асыру барысында жобалық кеңсе топтық коучинг форматында тәлімгерлік қолдауды және 28 жобаны қаржыландыруды ұйымдастырады. Жобаға 18 бен 34 жас аралығындағы Жамбыл, Ұлытау облысы аумағында тұратын және өтінім беру кезінде уақытша бос жүрген жастар болып табылатын адамдар қатыса алады. Уақытша бос жүрген жастар – жастардың уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін, жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс бөлігі. Жобаға қатысу үшін жастар өз өтінімдерін 2024 жылғы 24 сәуір сағ. 23:59-ға дейін жібере алады. Әлеуметтік жобаларды конкурстық іріктеу 25 сәуірден 14 мамырға дейін жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздары туралы хабарландыру 15 мамыр күні шығатын болады. Іріктеуден өткен жастардың жобаны орындау мерзімі: 3 ай (маусым – тамыз). Жобаға қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша жобаның колл-орталығына (WhatsApp) +7 771 299 05 78 телефоны арқылы хабарласуға болады. Жоба туралы толыққанды ақпарат Телеграм ботта: https://t.me/zhasproject0820bot